Атырау, 6 желтоқсан 14:50
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Балалардың хлордан улануы: аквапарк басшысы ұсталды

371 рет қаралды
Сурет 2ГИС

Атырауда 13 шілде күні хлор қосындысынан балалар жаппай уланған Palma аквапаркінің басшысы ұсталды. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ тағайындалды.

Еске сала кетейік, оқиға қаладағы танымал демалыс орындарының бірінде болды. Дәрігерлердің мәліметінше, бассейнде шомылғаннан кейін 15-тен астам адам, оның ішінде 13 бала уланған. Жағдайы ауыр үш бала жансақтау бөліміне жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде хлор иісі күшейіп, судың түсі өзгерген. Балалар жөтеле бастап, талып қалған. Ата-аналар балаларын шұғыл эвакуациялап, жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға су тазартуға арналған хлор реагенттерінің мөлшерін дұрыс есептемеу себеп болған. Нысан иесі техникалық ақаудың барын мойындады. Оқиғадан кейін аквапарк уақытша жабылып, прокуратура мен төтенше жағдайлар департаменті тексеріс бастады.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.

Айгүл МАНСУРОВА

21 шілде, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.