
Атырау облысында тағы бір белгісіз ұшу құрылғысының құлағаны тіркелді. Бұл жолы дронның сынықтары Құрманғазы ауданындағы далалықтан, Ресеймен шекараға жақын маңнан табылды.
Бұл ақпаратты «АЖ» тілшісіне Атырау облыстық полиция департаменті растады:
— Уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын заттың табылуына байланысты тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған зат дала аумағынан табылды. Зақымданғандар мен жапа шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, — деп хабарлады департамент өкілдері.
Бұл Құрманғазы ауданында алғаш рет болып отырған жағдай емес. Бұған дейін, 22 маусым күні де Қоныртерек ауылы маңындағы далада дронға ұқсас белгісіз зат табылған болатын. Сол кезде өңір басшысы бұл мәселемен арнайы ведомствоаралық комиссия айналысып жатқанын мәлімдеген еді.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +1