
Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта орналасқан Құрманғазы ауданының Қоныртерек ауылына белгісіз нысан құлаған.
Тұрғындардың айтуынша, құлаған нысанда моторлар болған және жерге түскеннен кейін қара күйелеш із қалдырған. Оқиға жазық далада болған. Алдымен қою түтінді байқаған жергілікті тұрғындар жақындап барған кезде техникалық құрылғыға ұқсайтын нысанның сынықтарын тапқан. Құлаған жердің топырағы өрттен қатты күйіп кеткен және құрылымның металл сынықтары жатқан.
Айгүл МАНСУРОВА