Атырау, 5 желтоқсан 08:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қашағаннан 1 млрд баррель мұнай өндірілді

542 рет қаралды

4 шілдеде NCOC компаниясы Қашаған кен орнында бір миллиард баррель мұнай өндіріп, маңызды өндірістік межеге жетті. 

Бұл тарихи кезең Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған Солтүстік Каспий жобасының тұрақты өндірісі мен ілгерілеуін айғақтайды. 

NCOC басқарушы директоры Джанкарло Рую ұжымды осы жетістікпен құттықтау сөзінде: «Бүгін біз Компаниямыздың тарихындағы маңызды кезеңге жеттік: Қашаған кен орнында 2016 жылы мұнай өндіру басталғаннан бері өндірілген мұнай көлемі 1 миллиард баррель болды. Бұл жетістік - шексіз сағаттар бойы қажырлы еңбек етудің, ойластырылған шешімдер қабылдаудың және әрбір қатысушы тараптың өндірістік қызметімізге деген шынайы адалдығының нәтижесі. 1 миллиард баррель мұнайға тең осы меже қай жағынан да өткен жолымызды бағалауға мүмкіндік беретін және сонымен бірге бізді болашақ жетістіктерге бағыттайтын ерекше сәт болып отыр.

Біз бүкіл үлкен ұжымымызға, Қазақстан Үкіметіне, жоба акционерлеріне және бизнес-серіктестеріміздің барлығына жемісті ынтымақтастығымыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!»

Айта кетейік, 2000 жылғы 4 шілдеде, дәл 25 жыл бұрын Қашаған кен орны ресми түрде ашылды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға ұшып келді, ал одан кейін тікұшақпен ОКИОК компаниясының Сұңқар баржасына бет алды. Ашылу салтанатында Назарбаев дәстүр бойынша Қазақойл басшысы Нұрлан Балғымбаевты, Атырау облысының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты және атыраулық бала Берік Уапты мұнаймен майлады.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

4 шілде, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.