Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Иран мен Израиль бітімге қатысты пікір білдіруден бас тартты

465 рет қаралды

Иран мен Израильдің ресми өкілдері АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған атысты тоқтату жөніндегі келісімге байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

Израиль армиясының өкілі «Анадолу» агенттігі тілшісінің бітім жөніндегі сауалдарына жауап бермеді. Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілдері агенттік сұранысына: «Біз жағдайды бақылап отырмыз. Қорытындылар кейінірек жарияланады», — деп жауап қатты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасында «толық әрі түпкілікті атысты тоқтату» келісіміне қол жеткізілгенін мәлімдеген еді.

24 маусым, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.