
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Иранның бітімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.
«Баршаңызды құттықтаймын! Израиль мен Иран атысты 12 сағатқа толық тоқтатуға келісті (Израиль мен Иран өздерінің ағымдағы, соңғы миссияларын аяқтағаннан кейін шамамен алты сағаттан соң!), содан кейін соғыс аяқталды деп есептеледі», - деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, «24 сағаттан кейін әлем 12 күндік соғыстың ресми аяқталуының куәсі болады».
«Бұл соғыс жылдар бойы жалғасып, бүкіл Таяу Шығысты қиратуы мүмкін еді, бірақ олай болмады және ешқашан болмайды да», - деп қосты Трамп.
24 маусым, 09:48
В Атырау +4