
Еске салайық, әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы Дамбы ауылында түсірілген видео тарады: өзеннің бір бөлігі бөгелген, адамдар, Қазақстан туы бар қайықтар жүр, бірақ жауапты тұлғалардың ешқандай түсініктеме жоқ. «Бекіре-2025» акциясы жақында ғана аяқталғандықтан, бұл көрініс күдік тудырып, кей адамдарға арандатушылық сияқты көрінді.
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының тексерісі тыйым бұзылып, балық аулағанын растады. Олар – сол инспекцияның ангарын монтаждаған екі жұмысшы екен. Олар жұмыстан кейін балық аулағысы келген, бірақ уылдырық шашу кезеңінде аулау тыйым екенін білмегендерін айтқан. Осы үшін оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабы («Балық аулау ережесін бұзу») бойынша айыппұл салынды.
Жақын маңда катерде болған инспекторлардың неге араласпағаны анықталып жатыр. Ресми дерекке қарағанда, олар жұмыс уақытынан тыс болған. Дегенмен инспекция басшылығы өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуға уәде етті.
Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының баспасөз хабарламасында өзеннің нақты қандай нәрсемен бөгелгені туралы айтылмаған.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -2