Атырау, 8 желтоқсан 03:45
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Желбіреген ту және үнсіздік: Жайық сағасында түсірілген видео дүрбелең тудырды

500 рет қаралды

Атыраудың әлеуметтік желілерінде таңғы уақытта Дамбы елді мекенінде түсірілген видео кеңінен тарап жатыр. Кадрларда Қазақстан туы ілінген кемелер мен адамдар көрінеді.

Не болып жатқанын нақты түсіну қиын — өзеннің бұл бөлігі бөгелген. Жақында аяқталған «Бекіре – 2025» акциясын ескерсек, бұл видео жергілікті тұрғындардың сауалын туғызып отыр.

Айтпақшы, видео уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым кезінде ерекше бақылауда болатын аумақта түсірілген.

«Бекіре» қорғау акциясы 1 сәуірден 31 мамырға дейін жалғасып, оған сәйкес ондаған заңбұзушылар ұсталып, балық аулау торлары мен қайықтар алынып, қылмыстық және әкімшілік істер қозғалған болатын.

Осы видеоны жариялаған кейбір блогерлердің айтуынша, оларға қысым көрсетіле бастаған — видеоны өз парақшаларынан өшіруді сұрап жатыр екен.

Кадрларда түсірілген әрекеттерде балық аулау ережелерін бұзушылық бар-жоғы әзірге белгісіз. Дегенмен, әсіресе уылдырық шашу кезеңінде бұл тақырып өңірде өте өзекті болғандықтан, жағдай қоғамда кең талқылануда. Біз облыстық балық қорғау инспекциясы мен басқа да тиісті органдарға сауал жолдадық. Жауап алынған соң жариялаймыз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

12 маусым, 01:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.