
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы болып Ансар Айдаров тағайындалды. Тиісті шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы қабылдады.
Компанияның жаңа басшысын ұжымға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов таныстырды. Жұмыс кеңесі барысында ол жаңа басшының алдына басым міндеттерді қойып, негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерінің қатаң сақталуын және электр станцияларының пайдалануға уақытылы берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Айдаров Ансар Айдарұлы 1986 жылғы 24 сәуірде дүниеге келген.
2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, ал 2012 жылы Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық көлік және құқық университетін «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесімен тәмамдаған.
2013 жылы Гуманитарлық-техникалық академияны «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Ансар Айдаров – IPMA (International Project Management Association) халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының «В» деңгейіндегі жобалар портфелінің сертификатталған басшысы.
2013 жылы «Энергия Семиречья» ЖШС-де құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2014–2020 жылдары аталған серіктестіктің бас директоры лауазымында жұмыс істеген.
2020 жылы Ансар Айдаров еңбек жолын «Самұрық-Энерго» АҚ-да Жобалық офисінің басшысы ретінде жалғастырды.
2023 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.
В Атырау +12