
Атыраудағы №2 қалалық сотта қаладағы танымал блогер және кәсіпкер Рано Нигметоваға қатысты алаяқтық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Сот оны кінәлі деп танып, 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Тергеу барысында анықталғандай, құқық қорғау органдарына жүгінген ер адам айыпталушыға 30 миллион 250 мың теңге берген. Айыпталушы бұл қаражатты екі есеге көбейтуге уәде еткен. Алайда, ақшасы қайтарылмаған. Бұл айыптаулардың алғашқы эпизоды болды. Кейінірек белгілі болғандай, 29 сәуір күні блогер іс бойынша бірге айыпталған құрбысымен 634 мың теңгеге гүл композициясына тапсырыс берген, бірақ оның ақысын төлемеген. Instagram-да ол осы гүлдермен видео жариялап, оларды сыйлық ретінде алғанын мәлімдеген.
Бұдан басқа, әйелдер екінші гүл дүкенінен жалпы сомасы 4 миллион 111 мың теңгеге тағы тоғыз тапсырыс берген, бірақ олардың да ақысы төленбеген. Барлық тапсырыстар Рано Нигметованың өтініші бойынша оның сыбайласының атына рәсімделген.
...Нәтижесінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін тергеу изоляторына ауыстырылған.
Рано өзін жала жабудың құрбаны деп санайды. Әлеуметтік желідегі жазбаларына қарағанда, ол тек екінші айыпталушының куәлігі негізінде сотталғанын және қылмыс жасамағанын мәлімдейді.
- Айыптау актісі алты рет жасалды, бұл оның құқықтық әлсіздігін көрсетеді. Онда нақты тұжырымдар жоқ: мотив те, нақты әрекеттер де, дәл күндер мен уақыт та жоқ. Менің фамилиямды мойындаған қылмыскердің қасына жай ғана қосып қойды. Актіде көрсетілген күндер мен орындар шындыққа сәйкес келмейді – сол күндері мен көрсетілген мен көрсетілген мекенжайларда болмадым, бұл геолокация және басқа дәлелдермен расталады. Сот менің геолокациямды, алибиімді, логикамды, мотивтің жоқтығын және қорғау тарапынан келтірілген барлық дәлелдерді ескермеді. Мені кінәлі деп шығарды, өйткені солай жасау ыңғайлы болды, - деп мәлімдеді ол.
Блогер жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болды.
Сонымен қатар, Атырауда екі басқа блогерге қатысты сотқа дейінгі тергеу әлі де жүріп жатқанын еске салған жөн. Біреуі алаяқтық күдігіне ілінсе, екіншісі бопсалаумен айыпталуда.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3