Атырау, 8 желтоқсан 04:30
 ашықВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Мұқырда бір адамды жабылып соққыға жыққан

Бейнежазба
897 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында топ адамның бір адамды ұрып-соғып жатқан бейнежазба тарады. Полиция мәліметінше, оқиға 2 маусым күні Мұқыр ауылында болған.

...Жәбірленуші жерге құлап, басын қорғаласа, топ адам таяқпен соғып, теуіп жатыр.

Жанжалдың неден туындағаны белгісіз. 

Осыған орай, Атырау облыстық полиция департаменті түсініктеме беріп, бейнежазбада көрінген барлық тұлғалардың анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады. Күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, жуырда Мұқыр ауылының тұрғыны жүргізуші куәлігінсіз және мас күйінде мотоцикл айдағаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды. 2015 жылдың желтоқсанында Мұқырда қос кісі өліміорын алды. Сегіз жылдан бері ауылда Мәдениет үйісалынып бітер емес.



Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 маусым, 02:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.