Атырау, 30 қазан 15:33
 дождьВ Атырау +17
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

Атырау облысында жургізуші куәлігісіз мас күйде мотоцикл басқарғаны үшін 20 тәулікке қамалды

881 рет қаралды

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Е. көлік құралын басқару құқығы болмағанына қарамастан, Мұқыр ауылындағы көшелердің бірінде «BAIGE-200» маркалы мотоциклді алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы Е. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, отбасында жалғыз асыраушысы екенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінің санкциясында 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК-тің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

3 маусым 2025, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.