Атырау, 6 желтоқсан 18:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Құлсарыдағы қайғылы оқиға: ерлі-зайыптылар жанармай бекетіндегі жарылыс ошағында болған

5 214 рет қаралды

Құлсарыдағы жанармай бекетінде болған жарылыста ерлі-зайыптылар - 1977 жылы туған Беркін ИБЕТОВ пен 1980 жылы туған Майрамгүл САРБАСОВА қаза болды.

Ерлі-зайыптылар жанармай бекетінде жұмыс істеген. Отағасы — жүргізуші болып, газ тасымалдаған, ал жұбайы — кассир қызметін атқарған. Бұл туралы Құлсары тұрғыны, қоғам белсендісі Жанаргүл ШЫРҒАБАЕВА Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, отбасы Тұрғызба ауылының тумалары. Олар ұзақ жыл отасқан, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген жандар. Жақында ата-әже атанған екен.

— Жан құрдасым... 11 жыл бір сыныпта оқыдық! Еңбекқор едің!..…Майрамгүлдің жүрегі шыдамады, оның денесінде күйік болмаған, — дейді Жанаргүл.

Жарылыс кезінде, Жанаргүлдің айтуынша, Беркін көлік тізгінінде, ал Майрамгүл касса бөлмесінде отырған. Екеуі де жарылыстың тап ортасында болған.

Еске салсақ, 30 мамыр күні кешке Құлсары қаласындағы Махамбет Өтемісұлы даңғылында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Өрт салдарынан бір қабатты үш ғимарат, жанармай бекеті және оның артында орналасқан екі қабатты ғимарат жанып кетті.

Атырау облыстық ТЖД-нің нақтылаған мәліметі бойынша, 16 адам жарақат алған, екі адам қаза тапқан.

Өрт аумағы мен оқиғаның себептері нақтыланып жатыр.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған сурет

31 мамыр, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.