
Атырау облысының ТЖД мәліметінше, Құлсары қаласындағы Махамбет Өтемісұлы даңғылында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, бір қабатты үш ғимарат, газ құю бекеті және артында орналасқан екі қабатты ғимарат өртенген.
Оқиға орнына ТЖД және мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 10 техникасы дереу келді.
Өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндіру және газ тасымалдағышты салқындату жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, өрт ошақтарын оқшаулау және адамдарды қауіпті аймақтан эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 14 адам зардап шеккен, олардың екеуі қаза тапқан. Өрт ауқымы мен себебі анықталуда.
В Атырау +4