Атырау, 12 желтоқсан 19:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

"Ойлау қабiлетi төмен “зомбилер” ағылшын тiлiн бiрiншi сыныптан бастап оқиды". "Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемiсова: “Басшылар маған қысым жасады”". "Ресей: Украина ЕО мен Кеден Одағының біреуін таңдасын".

3 140 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ойлау қабiлетi төмен “зомбилер” ағылшын тiлiн бiрiншi сыныптан бастап оқиды" - Биылғы жаңа оқу жылында 2,5 миллионнан астам бала мектепке барады. Олардың 265 мыңнан астамы - мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бiрiншi сынып оқушысы. Кешегi ойын баласы, ендi мектеп оқушысы атанады. 6-7 жасар осы бүлдiр­шiн­дер­ге бiлiм ми­нистр­­лiгiнiң дайындаған “тосын сыйы” да аз емес.

"Алматы қалалық сотының судьясы Күлпаш Өтемiсова: “Басшылар маған қысым жасады”" - Кәсiпкер А.Сутягинскийдiң қылмыстық iсi қоғамды дүрлiк­тiрiп жатқанына бiраз болды. “Сутягинский өзiнiң бизнестегi әрiптесi Гаркушкиндi жаналғыш жалдап, өлтiрткiзбек болды” деген ақпар талай басылымға әлi күнге дейiн “азық” болып жүр.

"Шеңгелдiдегi қылмыстың тергеуi Iшкi iстер министрiнiң бақылауында болуы тиiс" - Шеңгелдi ауылында болғанымызда, жергiлiктi тұр­ғындар аузынан “шешендер мұздай қаруланған, автоматтары бар” деген сөздердi бiрнеше мәрте естiдiк. Әйт­пегенде, қылмыс жасағандарда Калашников автоматы қайдан жүр? Сонда Iшкi iстер министрлiгiнiң халықтың қолындағы қаруды жинап алу, қарусыздандыру нау­қаны қайда қалды?

EGEMEN.KZ. "Мысырда азамат соғысы жүріп жатқандай" - Бұл елде қақтығыс басталғалы бергі екі жарым жылдың ішінде саяси күштер келісім жолын іздеу орнына өз биліктерін орнықтыруға ұмтылды. Хосни Мүбәрак билігін құлатқан төңкерісті пайдаланып, билікке келгендер басқалармен тіл табысуды ойламай, өз тәртібін орнықтыруға кірісті. Басқалардың қарсылығына қарамай, өзіне қолайлы конституцияны енгізіп, оның талаптарына сай өмір қалыптастыруды қолға алды. Оған халықтың қарсылығы күшейіп, ел азамат соғысының қаупіне жеткен кезде әскерилер билікті өз қолына алуға мәжбүр болды.

"Төңкеріске қатысы бар екенін мойындады" - АҚШ-тың орталық барлау басқармасы өздерінің 1953 жылғы Иранда болған төңкеріске тікелей қатысы барлығын нақтылайтын материалдарды жария етті. Бұл құжат Ұлттық қауіпсіздік қызметі мұрағатының сайтында жарияланған.

"Ішкі жалпы өнімді өсіруге мүмкіндік бар" - Өз баяндамасында Премьер-Министр С.Ахметов 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі пара­метрлері туралы мәлім етті. "Аталған кезеңдегі эконо­ми­ка­ның нақты өсімі 6-7 % деңгейінде жос­парлануда. Осы көрсеткіштер негі­зінде 2014-2016 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет өлшемі қалып­тастырылды" деді Премьер-Министр.

BAQ.KZ. "Коммунистік идеологияның қасіреті" - Қазақты шоқындыру саясаты Ресейде мемлекеттік құпия болудан қалып, ашық әрекеттің майданына айналды. Тіпті шоқындыруға аттанатын “крест жорығының” әскери-жазалау шаралары да күні бұрын қарастырылып, қаражаты бөлініп, жасақтары дайындалып қойған.

"Жарты әлемді жаулаған көшпелілер империясы неге тоқырауға ұшырады?" - Адамзат өркениетінің бастау басы Алтай екенін дәлелдеп берді. Мұны еуропалықтар да түсініп, кейіннен түркілердің әлемдік дамуға қосқан зор үлесін мойындай бастады. Ғылыми әлем ондағы өркениеттің озықтығына бас шайқап, таңдай қағуларынан әлі тиылмай тұр. Ал олар кімдер? Олар кешегі Түркілер, Сақтар, Ғұндар, Қыпшақтар... атауы мен өмір сүрген заманы өзгергенмен дүниетанымы, тілі, салт-дәстүрі... өзгермеген көшпелі бір халық. Соның бір бұтағы – бүгінгі қазақ!

"Христиан дінін қабылдаған қазақтарға көмек көрсету туралы ерекше нұсқау" - Жоғарыдағы «указный» молдалардың арқасында мешіттерге жандармериялық бақылау жасауды Ресей Сенаты 1868 жылы заңдастырды. Осы құжатта: “Қазақтар дін ісі бойынша Орынбордағы дін ислам мүфтиятына қарайды. Қазақтардың жергілікті жердегі діни істерін молда жүргізеді, ол азаматтық басқармаға, сол арқылы Ішкі істер министрлігіне бағынады. Молдалар облыстық басқарма мен Әскери губернатордың шешімімен бекітіледі не босатылады. Мешіттер тек қана генерал-губернатордың рұқсатымен салынады. Мешіттің жанынан жергілікті балаларды оқыту үшін медіресе ашуға молда міндетті түрде уезд бастығының рұқсатын алуы керек”, деген баптар бар.

SERKE.ORG. "Әбілязовты тығырыққа тыққан екі әйел" - Өткен аптаның соңында «Экспресс К» газеті Франция түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың жеке өміріне қатысты мәлімет таратты. Газеттің топшылауынша, оның екі ашынасы бар екен. Бірі – Олёна Тищенко, екіншісі – Ботагөз Жәрдемәлі. Олёна Тищенко турасында соңғы кезде көп жазылды. Тіпті, бой тасалап жүрген Мұхтар Әбілязовтың ұсталуына осы - О.Тищенко себепші болды деген пікір де айтылды. Ал Ботагөз Жәрдемәліні жұрт біле бермейді. «Экспресс К» газеті де оны М.Әбілязовтың ашынасы ретінде көрсетумен ғана шектеліпті. Шындығында, ол қазір М.Әбілязовтың құрылымдарындағы басты фигуралардың бірі, «Мұхтардың оң қолы» десек те, қателеспейміз. Б.Жәрдемәлі әбілязовшіл ақпарат құралдарына ақша бөліп, олардың ақпараттық-идеологиялық жұмысына басшылық жасап отыр.

AZATTYQ.ORG. "Ресей: Украина ЕО мен Кеден Одағының біреуін таңдасын" - Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов "Украинаның Еуропа Одағы (ЕО) мен Кеден Одағына бірдей мүше бола алмайтынын" мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәскеуде Ресей премьері Дмитрий Медведев пен Украина премьер-министрі Николай Азаровтың кездесуінен соң айтты.

"Көлік апатының әртүрлі себебін айтады" - Қазақстанда соңғы аптада 500-ден аса жол-көлік апаты болып, 108 адам көз жұмды. Полицейлер мұны «жүргізушілердің жол ережесін сақтамауынан» көрсе, мамандар «сапасыз жолдың да әсері бар» дейді.

"Ауған үкіметі cыртқа кетушілер легін тежемекші" - Ауғанстан тұрғындарға заңсыз миграцияның қауіптерін ескертетін ақпараттандыру науқанын бастады. Елден шетел әскері шығатын күн таяған сайын сыртқа босып кетушілер көбейген.

ALASHAINASY.KZ. "Тіл дамымай, сатира дамиды деу – бекершілік" - "Өзім 80-жыл­дардың студентімін. Біздің кезі­мізде бір-бірімізден: «Қандай кітап оқыдың?» деп сұрайтынбыз. Газеттерде шыққан әрбір мақала студенттердің арасында қызу талқыға салынатын. Сол кездері ауыл шаруашы­лығы, политех­никалық инс­ти­тутта оқитын студенттер кездесіп қалғанда арамызда ақын отырса, оның беделі өте жоғары болатын. Сөз саптауы керемет олардың беделі тіптен биік тұратын. Ал қазіргі ақындарымыздың, жазушы­лары­мыздың, жақсы сөйлей алатындардың беделі қаншалықты? Міне, тілдің қадірі кеткенінің қарапайым көрінісі – осы".

AIKYN.KZ. "Жаңа мамандықты игереміз" - Осы уақытқа дейін магистральдік газ құбырларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласына қажет мамандарды шетелдерден, оның ішінде Ресейден тартып келіппіз.

27 тамыз 2013, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.