
19 мамыр күні Атырау қаласындағы "Bretzel" мейрамханасында бір топ адамның арасында төбелес болды.
Осыған орай полиция Департаменті аталған құқық бұзушылыққа жол берген барлық күдіктілердің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайтынын да атап көрсеткен.
Ал, біздің дереккөздердің хабарлауынша, төбелес кезінде қатысушылардың бірі пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +4