Атырау, 18 желтоқсан 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ресей ұлт тұтастығын нығайтуға 6,77 млрд рубль жұмсайды". "Шекара мәселесі шешілген күн". "Расул ЖҰМАЛЫ, Жаппай исламдандыру мысырлықтардың наразылығын өршіте түсті". "Ресей билігі Навалныйды сайлаудан шеттетпек ниетте".

2 710 просмотра

TURKYSTAN.KZ. "Қытай Қазақстанға қол созуда. Бірақ... Қытайдың жаңа басшысының Қазақстанға сапары көп жұртты алаңдатуда" - Өткен аптада Алматыда «Ұлттық баспасөз клубында» баспасөз-мәслихатын өткізген бір топ ұлт белсенділері Қазақстан мен Қытай арасында визасыз қарым-қатынастың орнауына түбегейлі қарсылықтарын білдіріп, бұған биліктің назарын аударуға тырысқан еді. Белсенді топ қыркүйектің басында рұқсат етілген шеру ұйымдастырмақ ниеттерін де жасырмады және әкімшілікке бұл жөнінде ұсыныс та жіберді.

"«Мурсиді қайтар!» деген Каир қанға бөкті" - Содан бері үш аптадай уақыт өтті, бұл елдегі саяси жағдай одан әрі ушықты. Ғаламтор бедеріндегі ақпарат болмысы сан құбылды. Түрлі мазмұндағы ақпараттармен қатар әлем елдерінің Мысыр ахуалына деген саясаты да қилы-қилы сипатқа түсіп, күн сайын өзгеріп жатыр.

ALASHAINASY.KZ. "Әлем суға зәру болып отырғанда, елдегі суға ие таба алмай отырғанымыз қалай?" - Жер шарының үштен бір бөлігі судан тұрады. Алайда жалпы су қорының 97,5%-ы тұзды су деседі. Тұщы су көлемі 35 млн текше шақырым аумақты алып жатса да, ауызсу тапшы. Мамандардың айтуынша, әлемдегі орасан зор су қорының тек 1 пайы­зы ғана ішуге жарамды. Халықаралық сарапшылар болашақта су тапшылығы елдер арасында қарулы қақтығыстарға әкеліп соғуы мүмкін деседі. Ал 2025 жылға қарай су әлемдегі ең қымбат ресурсқа айналып, Жер шары тұрғындарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шекпек. Халықаралық экономистер мен саясатшылар болашақта тек мұнай мен газ ғана емес, ауызсудың әлемдік рынокта басты тауарға айналатынын болжап отыр.

"9-сыныптан кейін сұрыптауды қашан қоямыз?" - Қызылжарда мектеп оқушылары мен ұс­таздар арасында араздық туды. Қаладағы №4 мектептің 9-сыныбында оқитын оқушы­лардың ата-аналары шарасыздықтан көшеге шықты. Айтуларынша, мұғалімдер 9-сыныпты бітірген бірқатар оқушыға мектептен кетіп, колледжге түсуге «кеңес» берген екен. Ұлттық бірыңғай тестілеуде қажет ұпайды жинай алмайтын­дарын айтып, тезірек табандарын жалтыратуды өтінген.

AIKYN.KZ. "Ресей ұлт тұтастығын нығайтуға 6,77 млрд рубль жұмсайды" - Бағдарламаны іске асыру ресейлік ұлттың тұтастығын нығайтуға және Ресейдің біртұтас этномәдени кеңістігін дамытуға әкеліп, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды болжауға, одан келетін экономикалық шығында азайтуға, өңірлердің, оның ішінде Солтүстік Кавказдың да инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, елдің этомәдени әлеуетін тиімді пайдалануды арттыруға, сондай-ақ Ресейдің тұрғылықты халқының этомәдени және әлеуметтік сезімін жақсартуға әкеледі деп болжануда.

"Су дауы соғысқа әкеп тіремей ме?" - «Орталық Азия аймақтық жанжалдың табалдырығында тұр». Өңірдің сарапшылары осылай дейді. Текетірестің негізгі себепкері шекара дауы, жер дауы немесе өзге де саяси мәселелер емес, су көрінеді.

"Шекара мәселесі шешілген күн" - 1920 жылдың 26 тамыз күні Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді.

EGEMEN.KZ. "«Хакер»" - Бұл күндері еліміздегі «Сатайфильм» кинокомпаниясы канадалық Know Rules Media кинокомпаниясымен бірігіп, «Хакер» киножобасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Қазақстандағы ең табысты режиссер саналатын Ақан Сатаев бұған дейін «Рекэтир», Жаужүрек мың бала», «Адасқандар», «Ликвидатор» атты картиналарды түсіріп, отандық кинематографияда өз беделін мықтап бекемдеген суреткер.

HALYKSOZI.KZ. "Расул ЖҰМАЛЫ, Жаппай исламдандыру мысырлықтардың наразылығын өршіте түсті" - Мысырдың өз ішіндегі жағдайы жақсы емес. Жемқорлық, экономикалық, әлеуметтік түйткілдері жетерлік. Бұл жерде сыртқы күштердің де әсері бар. Мысыр халқы көп болғанымен, экономикасы өте әлсіз мемлекет. Сыртқы қаржылық көздерге өте кіріптар. Қан төгілгеннен кейін жақын арада тараптардың бір пәтуәға келуі екіталай. Мысырдың тек өз әрекеттері ғана емес, сыртқы күштердің бұған жасайтын ықпалы әзірше нәтиже бермей отыр. Мысалы, Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың талаптары. Жекелеген ислам елдері Мысырдағы әскери билікті жақтырмайды. Пәкістан, Түркия, соғыс жағдайында отырған Сирия Каирдегі әскери басшылыққа қарсылық танытып отыр. Сондықтан жағдайдың ушыға түсуі Мысырдың іштегі жағдайымен ғана шектелмейді. 

ZHEBE.KZ. "Баласын сатқан ел бақытты болмайды" - Соңғы он жылдан бері жетімдеріміз шетелдіктерге кетіп жатыр. Бізде қазір шетелдіктерге бала берумен айналысатын 40-тан астам агенттік бар екен. Агенттіктің бір баланы өткізгенде табатын табысы 30-35 мың долларды құрайды екен-мыс. Ал бұл ақшаға кімнің қарық болып отырғаны тағы беймәлім. Дерек көздеріне сүйенсек, 2009 жылдың қорытындысымен 6014 бала шет ел асыпты, соның 5308-і АҚШ-та.  Бұл ресми деректер, заңсыз кетіп жатқандары қаншама.

"Ресей билігі Навалныйды сайлаудан шеттетпек ниетте" - Мосгоризбирком Мәскеу қаласының мэрлігіне үміткер Алексей Навальныйды сайлауға жібермеуі мүмкін. Ол туралы кеше Мәскеу сайлау коммисиясының басшысы Валентина Горбунова мәлімдеді. «Оппозиция лидері сайлау алды кампаниясында заң бұзушылыққа жол берген. Нақтырағы, үгіт-насихат ақпараттарын сайлау қорынан тыс қаржыға шығарып отыр. Бұл мәселені арнайы отырыста қарайтын боламыз  – дейді Мосгоризбирком басшысы.

AZATTYQ.ORG. "Ирандық министр Facebook парағы бар екенін айтты" - Иранның сыртқы істер министрі  Мохаммед Джавад Зариф - Facebook-ті «сионизм құралы» деп жауып тастаған елде бұлай мойындаған алғашқы басшы. Джавад Зариф үшін бұл сондай үлкен қадам емес. Бірақ бұл – интернет цензурасымен талайдан бері күресіп жатқан ирандық блогерлер үшін өте үлкен жаңалық.

"Никсон мен Брежневтің оңаша әңгімесі жарияланды" - АҚШ-та Ричард Никсон президент болған кезде жазылған 3700 сағаттық аудиотаспаның қорытынды бөлігі жарияланды. Онда 1973 жылы жазда Никсонның Леонид Брежневпен Ақ үйдегі әңгімесі жазылған.

"Учаскелік инспекторды танымайтындар да бар" - Алматыда жергілікті биліктің «учаскелік полиция инспекторларын тағайындау кезінде халықтың пікірі ескерілсін» дегенінен тұрғындардың көбі хабарсыз, олар өз учаскелік инспекторын да білмейді.

INFORM.KZ. "Америкада алғаш рет бұқалармен бірге жүгіру жарысы өтті. ВИДЕО" - Бұл сайыс Испанияның Памплона фестивалінің америкалық нұсқасы болып табылады. Осы қызықты тамашалауға 5 мыңнан астам көрермен жиналған. Зәресі ұшқан 500 адамнан тұратын 8 топ аласұрған жануардан 400 метрлік жолмен қашып құтылмақ болды, деп хабарлайды 24.kz.

INTERFAX.KZ. "Қазақстандағы мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті төмен – министр" - Қазақстандағы мектеп оқушылары алған білімін іс жүзінде қолдана білмейді, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

"Ресейлік экономист Михаил ХАЗИН: Кеден Одағын сынға алу керек" - Ресейлік публицист және сарапшы Михаил Хазин өткен аптада ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жанындағы Экономикалық зерттеулер институтында дәріс оқыды. Одан соң ол бірқатар сауалдарға жауап беріп, Кедендік одақ келешекте қалай дамуы тиіс екендігі, неліктен әзірге еуразиялық кеңістікте бірыңғай валюта керек еместігін, сондай-ақ Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) деген сенімсіздік себептері мен неліктен бұдан былай «азиялық жолбарыстар» болмайтыны туралы айтып берді.

26 тамыз 2013, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.