Атырау, 19 желтоқсан 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Көрнекті гидрогеолог Едіге Сабуров ​өмірден өтті

918 рет қаралды

Белгілі ғалым 76 жасында дүниеден өтті. 

Едіге Сабуров Атырау облысының жер асты суларын зерттеуге 20 жылдан астам уақытын арнап, су ресурстарын тұрақты басқару мен аймақтағы су тасқынына қарсы инновациялық шешімдерді енгізу бағытында белсенді жұмыс істеді. Ол "Атыраугидрогеология" ЖШС-нің ғылыми кеңесшісі еді, өз тәжірибесімен жиі бөлісіп, "Ақ Жайық" басылымында, бұқаралық ақпарат құралдарында маңызды мәселелерді көтеріп отырды.

2022 жылы гидрогеология саласына қосқан үлесі үшін "Парасат" орденімен марапатталды. Едіге аға Ойыл мен Жайық өзендерінің тартылуы сияқты экологиялық проблемаларды көтеріп, билікті нақты әрекеттер жасауға шақырды.

Оның өмірден өтуі - ғылыми қауым үшін және оның кәсіби біліктілігін, даналығын, туған жерінің тағдырына деген қамқорлығын бағалайтын барша жан үшін ауыр қаза. 

Едіге Сабырұлының жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің және оны жақын танитын жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

"Ақ Жайық" редакциясы

13 мамыр, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.