Яғни, қажылардың қосы тігілетін алаң бұрынғы аумағына қарағанда 25 пайызға кеңейетін болды. Мұның өзі Мекке мен Мәдинадағы қасиетті екі мешіттің күрделі жөндеуден өтуіне байланысты әр елден келетін қажылардың қарасын жиырма пайыздан асырмау жөніндегі билік тарапы қабылдаған шешімге сәйкес келеді.
Аталмыш министрлік жетекшісі ел билігінің осы уақытқа дейін қажылар үшін жазықтықтан белгілі бір аумақта жер бөліп беріп келгенін әрі осынау тәжірибеден танбайтындарын жеткізді. Muslim.kz сайтының жазуынша, бұған қоса, «Машайр» метрополитенімен қажыларды тасымалдауға жауапты мемлекеттік мекеме тың жобаны қолға алайын деп отыр. Аталмыш жоба қолға алынса қажылар бұрынғыдай бір орнында топырлап, тұрып қалмайды. Діттеген жеріне тез жету үшін көлік қатынасы үзілмейтін болады.
Дереккөз: inform.kz