
21 сәуірде Атырау қаласының №2 соты дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Дастанбек Қоспановқа қатысты үкім шығарды. Ол пара алу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және бюджет қаражатын жымқыру бойынша кінәлі деп танылды.
Бұл туралы Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде хабарланды.
Іс материалдарына сәйкес, Қоспанов «Олимпиадалық резервті даярлау орталығының» аға бапкері Нұрлан Майлашевтан бюджет қаражаты есебінен оқу-жаттығу жиындарына қатысуды ұйымдастыруға көмектескені үшін 1,7 миллион теңге көлемінде пара алған.
Сонымен қатар, Қоспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, бапкерлерден заңсыз түрде жалпы сомасы 2,4 миллион теңге ақшалай қаражат жинаған, сондай-ақ мекемеде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақыны жалған есептеу арқылы 1,1 миллион теңгені иемденген.
Сот үкімімен Қоспанов 4 жылға, оның сыбайласы МАЙЛАШЕВ 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуі де мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және судья ретінде жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +2