Бүгін, 6 наурызда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде өткен брифингте агенттіктің ресми өкілі Арман ТІЛЕУКЕНОВ Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Дастанбек ҚОСПАНОВҚА қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы ақпаратты растады.
Оның айтуынша, ол спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан ведомствоға бағынысты ұйымнан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Айнұр САПАРОВА