AZATTYQ.ORG. "Футбол Ауғанстан халқының ынтымағын күшейтті" - Ауғанстан - этникалық және діни араздық ушыққан ел. Бірақ Ауғанстан-Пәкістан футбол матчы ауғандықтарды біріктірді.
"Өтемақы талап еткен еңбек мүгедектері бірікті" - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өндірісте жүріп мүгедек болған шахтерлері құқықтарын қорғау үшін бірікті. Оларға өтемақы төлеуге сот шешім шығарғанымен, компания оны орындамай отыр.
"Шеңгелдіде не болғаны айтылмайды" - Алматы облысындағы Шеңгелді ауылын қазір полиция күзетіп тұр. Мұнда "ұлтаралық араздықтан шықты" деп аталған оқиғада жас жігіт қаза тапқан.
ABAI.KZ. "Габала саммиті: түркілік бес ел басшылығы бас қосты" - 2013 жылғы 15-16 тамызда Түркі Кеңесіне мүше елдер басшыларының үшінші саммиті Әзербайжан Республикасының Габала қаласында өтті.
ZHASALASH.KZ. "Шеңгелдiдегi шатақ неден шықты?" - Шешен жастары мен қазақ жастары арасындағы шатақтың неден шыққаны белгiсiз. Жергiлiктi тұрғындардың бiрi “кикiлжiң бұрыннан бар” десе, ендi бiрi “сүттей ұйып отырған ауыл едiк, бiзде ешқандай ұлтаралық мәселе жоқ” деп ат-тонын алып қашады.
"Қазақ футболындағы құбылыс!" - УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiне шыққан қарағандылық “Шахтер” шотландиялық “Селтик” клубын 2:0 есебiмен ұтты.
Жүз жасаған қазақ футболының тарихында бұған дейiн мұндай жеңiс болған емес. Осы аламанға бiрнеше рет қатыстық. Клубтар арасында ең беделдi бәйге саналатын Чемпиондар лигасының iрiктеу кезеңiнен әрiге аса алмай келген едiк. Ендi мiне, Қазақ елiнiң “Шахтерi” Еуропа футболына түрен салды.
"
“Қыркүйекке дейiн Қазақстанда жанармай таусылады”" - Ресей басылымы Қазақстанның нелiктен мұндай тығырыққа тiрелгенiнiң себебiне де үңiлген. Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарынан шыққан жанармай аграрлық салаға жұмсалуда. Ал ең iрi Павлодар мұнай-химия зауыты жүргiзiлiп жатқан модернизацияға байланысты жиi тоқтап қала бередi. Дегенмен, бұл басты себеп емес, ең бастысы – қазақстандық кәсiпорындарға мұнай өңдеген тиiмдi болмай тұр.
ALASHAINASY.KZ. "
Киік тұяғы тимеген сайын дала азып барады" - Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзінде 9-шы орын алады. Ал еліміздегі жайылымдық жер 118 миллион гектарды алып жатыр. Яғни біздің еліміз әлем бойынша жайылымдық жер көлемі жөнінен 5-ші орын алады екен, бұған далалық экожүйесі сақталған санаулы елдердің қатарында екенімізді қосыңыз.
"
«Қонақ-жұмысшыдан» құтыла алмай жүрмейміз бе?" - Қонақ-жұмысшыға қойылмаған тосқауыл қайғылы оқиғаға апарып соғарын өмірдің өзі көрсетті. Өмір жай ғана емес, өзекті өртеген ащы сабақ берді. Сол сабақ алдағы уақытта гастарбайтерлердің көшін қатаң бақылауға алуы тиіс. Әйтпесе мигранттарды көп қабылдайтын АҚШ-тан асып түсуіміз әбден мүмкін. Оның салдары туралы айтып жатудың өзі әбестік.
ZHEBE.COM. "
Шешендердің қаруын қайтармай қазаққа тыныштық жоқ" - Алматы облысына қарасты Шеңгелді ауылында шешен диаспарасының екі өкілі екі қазақ баласын атып, ізін жасырып кетті. Ал оның салдарынан 29 жастағы Мадияр Абзалтаев жансақтау бөлімінде жан тәсілім еткен. Ал Мадияр Абзалтаевтың балдызының халі ауыр жағдайда. Дәргерлер оған операция жасағанымен оның қабырғасының астындағы оқты ала алмаған. Дәрігерлердің айтуынша ол келесі операцияны көтермейтін көрінеді. Яғни өмірі қыл үстінде.
"
Тасмағамбетов топ бастады" - Республикалық «Время» газеті мен «Саясат-Monitoring» зерттеу агенттігі облыс әкімдерінің жаңа рейтингісін жариялады. Бұған дейін көш бастап тұрған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов екінші орынға тұрақтапты. Таңғалатын түк жоқ. Топ бастап тұрған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
SERKE.ORG. "
Жанар Боранбаева: Имамдардан иман кетті" - Алматыдағы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында үш жыл оқыған Жанар Боранбаева (суретте) "Имамнан иман кетті" деген сұмдық мәлімдеме жасады. Хиджабты қыз, "мешіт ғимаратының төменгі қабатында тек қыздарға ғана тәлім беретін ұстаздардың қылығы үшін ұяламын" - дейді. Айтуынша, имамдар 17-18-дегі қыз балаларды екінші немесе үшінші әйелі қылып, некесін қия салады. Артынша, қыздың иманы ұнамай қалса, үш мәрте "талақ" айтып, әлгі қызды тастай салатын көрінеді. Немесе дін жолында жүрген қызды қонақ үйге шақыратын имамның иманы қайда, - деп алматылық ару ашынып отыр.
AIKYN.KZ. "
Президент партиядан шықты" - Түрікменстанның Президенті Гурбангулы Бердымухаммедов өзі басқаратын партияның құрамынан шығуға бел байлады. Кезінде Коммунистік партияның базасында құрылған бұл партия бүгінде елдегі және парламенттегі жалғыз саяси ұйым болып табылады.
"
Ел Үкіметі жекешелендірудің екінші толқынын бастамақ" - Қазақстан Көшбасшысы отандық кәсіпкерлікті «жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші» деп жариялады. Осыған орай еліміздің ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі Стратегиясында кәсіпкерлік үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойылып отыр.
"
Украин депутаттары неге төбелеседі?" - Соңғы тоғыз жыл Украина елінің билеушілері үшін саяси ток-шоуға айналған іспетті. Украинада әр екі жыл сайын президенттік және парламенттік сайлау өткізу қалыпты үрдіске айналған.
22 тамыз 2013, 13:52