Атырау, 23 қараша 15:47
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Египет: Хосни Мүбарак түрмеден үйқамаққа ауысты

1 662 просмотра

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбарак жемқорлық бойынша айып алынып тасталғаннан кейін түрмеден үйқамаққа ауыстырылатын болады, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі мысыр мемлекеттік телеарналарына сілтеме жасап. 

Сәрсенбі күні сот күрделі дертке шалдыққан саясаткерді кепіл ақша төлеп босату туралы үкім шығарды. 

Қазіргі уақытта Сот Хосни Мүбарактың өзі тақтан кеткен 2011 жылы көтеріліс кезінде ереуілшілерді қырып салуға қатыстығы туралы ісін қайта қарап жатыр.

2012 жылы 85 жасар Мүбарак 2011 жылы ереуіл қатысушыларын қырып салу үшін сөз байласты деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Алайда оның жақтаушылары осы жылдың қаңтарында істің қайта қаралуына қол жеткізді. 

Дереккөз: bnews.kz

22 тамыз 2013, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.