Бұл туралы Львовта ашылған Бүкіләлемдік конгресте спортшының сөйлеген сөзіне сілтеме жасап утро. ру хабарлайды.
«Түпкілікті шешім қабылдамас бұрын мен әуелі қоғаммен ақылдасып алуым керек», - деді Кличко.
«2015 жылдан кейін Ураинаның жаңа тарихы басталуы тиіс. Оның жүгі ауыр екенін білемін, жауапкершілігін де түсінемін. Сондықтан президенттіке сайлану мүмкіндігін қарастырып жатырмын», - деп атап өтті партия көшбасшысы. Оның сөзінше, мемлекет басшылығына сайлауға түсуге оппозициядан біреу баруы керек. «Бірақ кім баратынын, оны қоғамдық ұйымдар шешеді», - деді спортшының сөзіне сілтеме жасап ИТАР - ТАСС.
Виталий Кличко - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы.
Дереккөз: inform.kz