
Кеңес мүшелігіне бұрын-соңды құрамында болмаған азаматтар енген. Кеңес құрамы бекітілгені жөнінде Атырау облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Арман Хайруллин өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Хайруллиннің жазуынша, қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2025 жылғы 17 сәуірдегі №3 хаттамасына сәйкес құрылған:
«Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, азаматтардың пікірін ескеру, мемлекетік органдармен шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында өкім етемін», - деп жазды ол.
Естеріңізге салсақ, облыстың Қоғамдық кеңесінің міндеттері - еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты «жергілікті деңгейде талқылау мен шешім қабылдауда азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және қоғамдық пікірді ескеру; қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Сонымен, сіз бен біздің үнімізді билікке жеткізетін, өмірімізге маңызды мәселелерді талқыға салатын облыстық қоғамдық кеңесінің құрамы мынадай:
Азаматтық қоғам өкілдері:
1. Шалабаева Нәсіп - өзін-өзі ұсынушы, БАҚ саласының ардагері
2. Камалова Нұрайнаш - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) АОФ
3. Саткаев Халидулла - өзін-өзі ұсынушы
4. Джабасова Айнагүл - ҚКХП Атырау облыстық комитеті
5. Қосшиев Назарбек - өзін-өзі ұсынушы (БАҚ өкілі)
6. Әмірғалиев Мұрат - «Атырау облысындағы Ауғанстан ардагерлерінің одағы» ҚБ
7. Қайырғалиева Гүлфайруз - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті АҚ
8. Сулейменова Лаура - өзін-өзі ұсынушы
9. Дюсупова Гүлзинеп - өзін-өзі ұсынушы, Денсаулық сақтау саласының ардагері
10. Құрметұлы Абылай - «Жеті жарғы» Қоғамдық қоры
11. Сарсенғалиев Берікқали - өзін-өзі ұсынушы
12. Ульжагалиева Дарья - «Адам құқықтарымен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» ҚБ АФ
13. Дәулетбаева Әлия - өзін-өзі ұсынушы, мәдениет саласы қызметкері, ақын
14. Хамзин Дидар - өзін-өзі ұсынушы, қоғам белсендісі
15. Рахимова Салтанат - өзін-өзі ұсынушы, кәсіподақ федерациясы өкілі
16. Өтебаев Ғалымжан - «Respublika» партиясы» ҚБ
17. Басиев Олег - өзін-өзі ұсынушы
18. Жайықбаев Арман - өзін-өзі ұсынушы, қоғам белсендісі, қаламгер
19. Ғарифолла Дәулет - өзін-өзі ұсынушы
20. Котов Андрей - өзін-өзі ұсынушы, қоғам белсендісі, волонтер
21. Бисенов Талғат - өзін-өзі ұсынушы
22. Күмісқалиев Ерлан - өзін-өзі ұсынушы, қоғам белсендісі, волонтер
23. Алмагамбетов Ринат - өзін-өзі ұсынушы
24. Тишбаев Құрал - өзін-өзі ұсынушы
25. Кубаева Әлия - «Жанеркем-ай» ҚБ
Мемлекеттік органдар өкілдері:
26. Сүйеуова Гүлнұр - Ішкі саясат басқармасының басшысы
27. Қуанышкереев Аслан - Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысының орынбасары
28. Шеркешбаева Бағыт - Білім беру басқармасы, С.Мұқашев ат. Атырау политехникалық жоғары колледжі директоры
29. Галимов Мақсот - Экономика және қаржы басқармасының бөлім басшысы
30. Қалмұратов Руслан - «Азаматтарға арналған Үкімет» МК филиалы директоры
Бұрынғы құраммен осы жерден танысуға болады: https://azh.kz/kz/news/view/56848
https://azh.kz/kz/news/view/57146
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1