Атырау, 3 мамыр 03:55
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңес бұрынғыдан белсендірек секілді

Бейнежазба
1 572 просмотра

Атырау облысы әкімдігінде жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңестің екінші отырысы өтті. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған бюджеттің игерілуі мен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары (ӘИЖ) талқыланды.

Кеңес мүшесі Мәдина КУЛУШЕВА 2021 жылғы бюджет қате жоспарланғандықтан 5 млрд 102 млн теңгенің игерілмегенін айта келе, бұл қателіктер 2022 жылғы бюджетін бекіткенде ескерілді ме деп сұрады. Облыс әкімінің орынбасары Нариман ТАУШОВ 2022 жылғы бюджеттің бекітілгенін, бірақ оны қыркүйекте нақтылау кезінде ықтимал олқылықтарды ескеруге мүмкіндік болатынын айтты.

Кеңес мүшесі Шынар ІЗТЕЛЕУОВА өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларға қатысты ұсыныстарын білдірді. Еске салсақ, «АЖ» бұған дейін бұл мәселені көтеріп, бұл жобалардың бұған дейін қоғамдық кеңесте талқыға салынбағанын баяндаған болатын.   

Ізтелеуова облыстық құрылыс басқармасының басшысы Зейнолла МАНЕНОВКЕ  жер қойнауын пайдаланушыларға облыс әкімдігі ұсынған жобаларды Қоғамдық кеңеске алдын ала беруді өтінді.

- Әйтпесе әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар аясында салынған көп нысандар балансқа алынбаған. Бірі аяқталмай тұр. Кейбірі бүлініп жатыр. Ал оларға комақты қаржы салынды. Бұл мәселелерді көтеріп жүргенімізге төрт жыл болды, - дейді Ізтелеуова.

Былтыр облыс әкімі қолдады. Биыл да қолдады. Сол себептен ең болмаса қоғамдық кеңестің алдында талдағанымыз дұрыс. Өйткені, ол жобалароға кеткен ақшаның бәрі халықтың ақшасы. Себебі, жобалар Атырау халқына түк пайда әкеліп отырған жоқ, - деді Ізтелеуова. Одан бөлек, Ізтелеуова облыстық қаржы басқармасының басшысы Азамат СӘЛІМБАЕВТАН демеушілердің қаржысын, яғни жергілікті бюджетке жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына аударған қаржысын бөліп көрсетуін талап етті.

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

25 сәуір 2022, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.