Атырау, 17 мамыр 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы: енді «халық үнін» кім жеткізеді

1 433 просмотра

31 наурызда Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Оған Мақсым ІЗБАСОВ төраға болып сайланды, дәлірек айтсақ, қайта сайланды. Сондай-ақ Кеңестің жаңа құрамы таныстырылып, 5 комиссия бекітіліп, олардың төрағалары сайланды.

Жалғас Дүйсенғалиев комиссияның экономикалық және өңірлік даму мәселелері, Нұрлан Сүйінбаев – әлеуметтік-мәдени даму, Асхат Иманғалиев – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау және құқыққорғау қызметі, Шынар Изтелеуова – экология, табиғатты пайдалану және аграрлық мәселелер, Балжан Досмұхамбетова инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы болды. Кеңесте бұрынғы мүшелерден Мақсым Ізбасов (ол облыстық «Мұнай-газ кешені ардагерлері» ҚБ төрағасы) пен облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан ЕРМҰХАНОВ қана қалды.

Естеріңізге салсақ, облыстың Қоғамдық кеңесінің міндеттері -еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты «жергілікті деңгейде талқылау мен шешім қабылдауда азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және қоғамдық пікірді ескеру; қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету».

Бір сөзбен айтқанда, Қоғамдық кеңес «халық үнін» жеткізуі керек. Өткен жылы Атырауда түрлі себеппен ай сайын дерлік митингілер өткені бәріміздің есімізде. Жұрт өздерін естісін деп көшеге шықты. Жыл басынан бері де мұндай жағдай бірнеше рет қайталанды. Қоғамдық наразылық қаңтар оқиғасына ұласқанда, ҚК төрағасы немесе оның мүшелері халықпен тілдесуге шықпады. Ал тұрғындардың көпшілігі Кеңестің немен айналысатынын әлі күнге дейін білмейді.

Айтпақшы, бұған дейін «АЖ» өндіруші компаниялар жеке-жеке қандай әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды деген сұрақ қойған болатын. Облыс әкімдігі мен компаниялар бізге толық ақпарат бермеді. Мәселен, «Жергілікті тұрғындардың пікірі мен сұранысы қалай ескеріледі, болжамды шығындар қоғамдық талқылауға түсе ме? Талқылауға Атырау облысының мәслихаты, Қоғамдық кеңесі, ҮЕҰ қатыса ма? Белгілі бір инфрақұрылым нысанын салуға және/немесе жөндеуге кететін шығындар сомасын кім анықтайды – әкімдік пе, әлде компанияның өзі ма? Бұл қаражаттың жұмсалуы туралы есеп жарияланады ма?» деген сұрақтар жауапсыз қалды. Кейін Қоғамдық кеңесте мұндай мәселелердің талқыланбайтыны белгілі болды. Ал Атырау облысы Қоғамдық кеңесі сайтының соңғы рет 2016 жылы (!) жаңартылғаны кездейсоқ болмаса керек. Тағы бір тенденция – ҚК төрағасы болып, әдетте, облыс әкімімен жақсы қарым-қатынаста болатын адам сайланады.

Атырау облысының Қоғамдық кеңесі

                                 Аты-жөні

                                                     Ұсыну түрі

 Айнұр САПАРОВА

4 сәуір 2022, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.