Атырау, 18 желтоқсан 23:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Қазақ-қытай, қазақ-орыс қатынастарын қалай жазамыз?". "«Шахтер» жеңісінің бірнеше себебі айтылды". "Тасмағамбетов: Қазақ тілін үйрену французша үйренуден күрделі емес". "Ақтау теңіз портын арабтар басқара ма?".

4 237 просмотра

BAQ.KZ. "Қазақ-қытай, қазақ-орыс қатынастарын қалай жазамыз?" - ЕҰУ «Еуразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығының директоры, т.ғ.д, профессор Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ:

– Қытай да, Ресей де – Қазақстанмен достық қарым-қатынастағы елдер, біздің сауда-экономикалық әріптестеріміз. Бірақ ақиқаттан ешкім аттап кете алмайды. Біз ешкімнің көңіліне жалтақтамай шынайы тарихты жазамыз. Бізге «былай жаз, былай жаз» деп, ешкім бұйрық та, ақыл да бере алмайды. Оны көршілеріміз де жақсы түсінеді деп ойлаймын.

AZATTYQ.ORG. "Полигоннан зардап шегушілер тізімі әлі жасалып бітпеді" -
Семей ядролық полигонының ресми түрде жабылғанынан бері 22 жыл өтсе де, одан зардап шегушілер тізімін жасау жұмысы аяқталмай жатыр.

"Ядролық жарылыстың куәгері мемлекетке өкпелі" - Советтік Қазақстандағы Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ 1949 жылдың 29 тамызында жасалды. Ядролық жарылыс зардаптары туралы жайттар бүгінге дейін толық ашылмаған. Ал жарылыс кезінде тірі адамдарға жасалған сынаққа еріксіз қатысқан құрбандар туралы мағлұмат тіпті аз.

"«Шахтер» жеңісінің бірнеше себебі айтылды" - «Шахтер» мен Celtic кездесуінің алдында қазақстандық команданың 2:0 есебімен жеңетініне көп адам сенбеді. Алайда «Шахтердің» «британдық стилі» Celtic шеберлігіне төтеп берді.

AIKYN.KZ. "Виктор Лисицкий, саясаттанушы: Украинада Назарбаев сияқты ақылды басшы жоқ" - Қазіргі күні Украина өндірушілері қатты ұтылып тұр,  Кедендегі тамақ өнімдері  құртылып жатыр, соның салдарынан жұмысшыларға айлық төлеу мүмкін болмай тұр. Сондай-ақ Украина саясат институтының сарапшы маманы Ильдар Газизуллинның айтуынша, «кедендегі мұнай келеңсіздік Украина экономикасына зиян. Өйткені Украина үшін Ресей нарығы – сауда айналымның 30 пайызы, ал Украинаның Ресей импортындағы экспорты не бары – 4 пайыз».

"Диананы өлтірген кім?" - «Ағылшынның Диана ханшайымы арнайы мамандандырылған бөлімше қызметкерлерінің операциясынан қаза тапты». SAS арнайы қызметінің сержанты Денни Найтингейлоның бұл ақпаратынан кейін «Диана ісі» қайтадан тергеушілердің назарына түскенге ұқсайды.

"Астық экспортының әлеуетін шектеу кімге тиімді?" - Саясаттанушы-сарапшы Досым Сәтпаевтың пайымдауынша,  біз Ресейге еріп, бар астықты сыртқа шығармасақ, одан сайын бұл салада тоқырай түсеміз. Қазір астық, ұн экспортынан көп табыс түсуде. Оның саудасын тауар биржасы арқылы бір жолға қоюдамыз. Егер экспортқа тыйым салсақ, біздің тауар биржамыздың жұмысы тоқырайды, шаруалардың еңбегі еш кетеді. Сондықтан ондай шараны қолданбау керек. Ал Ресейдің жағдайын түсінуге болады. Олардың бұл реттегі іс-қимылы ұлттық экономикасының мүддесіне сай. Біз оларды қолдаудан бас тартсақ, бұл — біздің ұлттық экономикамыздың мүддесіндегі нәрсе. Осы жағынан алғанда, көрші Ресей олар ұсынған саясатты қабылдамаған Қазақстанға алакөздік таныта қоймайды деп ойламаймын.

ALASHAINASY.KZ. "«Бизнестің жол картасын» қысқарту қажет пе?" - Дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде қабылданған «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасына осы уақытқа дейін республикалық бюджеттен қыруар қаржы құйылды. Соның арқасында біраз бизнесмендер аяққа тік тұрып, өз кәсіптерін көтеріп алды. Қазір дағдарыс жоқ. Демек, аталған бағдарлама аясында бөлінетін қаржыны да қысқартуға болады. Министрлер кабинетінің кешегі отырысында Үкімет басшысы С.Ахметов осындай ойға келді. Алайда оның орынбасары, бағдарламаға жауапты өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бұл пікірмен келіспейді.

"4 миллион баламыз Қытай тауарына телміріп отыр" - Елдегі балалар тауарының индустриясы өзіміз үшін емес, өзге елдің тауар өндірушілері үшін құнарлы топыраққа әлдеқашан-ақ айналып кеткен. Қазақ­стандағы балалар тауарының индустриясын ашық жатқан тап-таза алаңға баласақ, сол алаңда қазақтан басқалар балаларға арналған тауарларын жайып тастап, жәрмеңке жасап отыр. Оның ішінде Қытай да, Түркия да, Ресей де, Белоруссия және тағы басқа елдер де бар. Тек қазақ жоқ. Қазақтың үлесі бар-жоғы 2 пайыз ғана. Статистикалық деректерге жү­гінсек, бұл күні балалар тауарының 98 пайызын им­порт құрайды. Яғни елдегі балалар тауары ин­­­дус­­­триясының қазанына өзіміз емес, өзге ие.

ZHASALASH.KZ. "Мектепке бiр баланы дайындау бағасы 100 мың теңгеге жуықтады" - Жаңа оқу жылы басталарда, әрбiр ата-ананың бас ауруы­на айналған жайт бар. Ол – баланы мектепке дайындау, оқу құралдарын, керек-жарақтарын сатып алу. Егер қазақстандық әрбiр отбасының кiрiс табысы жеткiлiктi болса, бұл нау­қан мұндай проблемаға айналмас па едi, кiм бiлсiн. Алайда айлығы шайлығынан артылмайтын көптеген ата-ана үшiн тамыз айы жеңiл тимейтiнi рас. Былтыр бiр баласын мектепке дайындау үшiн 40-50 мың теңге жұмсаған әке-шеше биыл бұл сомадан артық шығындалатыны тағы бар. Өйткенi баға тұрақсыз, ай сайын қымбаттауда.

BNEWS.KZ. "Қазақстанда «Алтайтану» орталығы ашылмақ" - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық ОМАР:

- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 5-ші корпусында қазіргі таңда соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 26-шы тамыз күні біз Орталықты ресми түрде ашатын боламыз. Ол жұмысқа кірісуге сақадай сай дайын. Біз қазір Алтай өңірі, Монғолия, Қытай және өзге де мемлекеттердегі әріптестерімізбен жұмыс атқарып жатырмыз.

Олар онлайн режимінде бір-бірімен пікір алмасатын болады. Қазіргі уақытта оны тестілеуден өткізудеміз. Оқу жылының басынан бастап оқытушылар, университет қонақтары мен студенттері алтайтануды оқитын болады. Бұл өте нәтижелі жұмыс болмақ.

TAIQAZAN.ORG. "Тасмағамбетов: Қазақ тілін үйрену французша үйренуден күрделі емес" - Қазақ тілін үйретудің шаблондарынан кету керек, деп есептейді Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов. «Қазақ тілін үйретудің кез келген оқулығын, оны оқыту әдістерін алсаңыз да, сіз оны қабылдау қиындығы мен шаблонға тап боласыз. Осы жағдайда тіл оқыту туралы қандай сөз болуы мүмкін? Ал қазақ тілін үйрену сол француз тілін үйренуден күрделі емес», - деді И. Тасмағамбетов сейсенбі күні педагогтардың тамыз конференциясында.

SERKE.ORG. "Ерімбетов Жаңаөзендегі көші-қон саясатын сынады" - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында көші-қон саясаты жоқ, себебі адамдар көшіп келуді жалғастыруда, ал жаңа жұмыс орындары жоқтың қасы, деп санайды саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов.

«Жаңаөзен бойынша жағдай мені біршама алаңдатады, өйткені қазіргі таңда үкіметтің тарапынан айтылған мәселе орындалмай отыр – көші-қон саясаты жоқ. Ол жақтан адамдар ешқайда кетпейді, саны күн сайын артып жатыр», - деді ол сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

"Ақтау теңіз портын арабтар басқара ма?" - Ақтау теңіз портын басқаруға арабтардың компаниясы тартылуы мүмкін, деп хабарлады ӨР өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған қазақстандық делегация іскерлік сапармен Дубай (БАӘ ) әмірлігінде болып қайтты. Онда «Jebel Ali Free Zone» (JAFZA) еркін экономикалық аймағының қызметімен танысып, сонымен қатар «DP World» компаниясының басшысы Мухаммед Шарафпен аталмыш компанияны Ақтау теңіз портын басқаруға тарту және оны «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағымен (АЭА) интеграциялауға қатысты келіссөздер жүргізді», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.

21 тамыз 2013, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.