Атырау, 8 сәуір 21:36
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Жайықтан бір шартпен балық аулауға болады

1 062 просмотра

Тұрғындар тарапынан "Бекіре-2025” акциясы кезінде Жайық өзенінде әуесқой балық аулауға бола ма, жоқ па?" деген сұрақ туындауда. Бұл мәселеге байланысты Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстем Қорқытов түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Жайық өзенінің Атырау облысы аумағында 15 мамырға дейін әуесқой балық аулауға рұқсат етілген. Қазіргі кезде қармақ пен ілмектердің санына шектеу жоқ, бірақ бір адамға күніне 5 келіден артық балық аулауға болмайды.

Алайда 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Атырау облысындағы барлық су айдындарында әуесқой балық аулау уақытша тоқтатылады. Бұл – балықтардың уылдырық шашу кезеңіне байланысты қабылданған шара.

Айта кетейік, бұған дейін 1 сәуірден бастап өңірде бағалы балық түрлерін, әсіресе бекіре тұқымдастарын заңсыз аулауға қарсы “Бекіре-2025” кең ауқымды балық қорғау акциясы басталғанын жазған едік

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

4 сәуір, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16