Атырау, 5 сәуір 1714
 ашықВ Атырау +13
$ 504.34
€ 556.34
₽ 5.97

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының сатылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды

738 просмотра

Қазақстанның Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін ресейлік «Татнефть» компаниясына сату мәселесі қазіргі уақытта қарастырылып жатпағанын мәлімдеді.

Бұл туралы ведомствоның ҚазТАГ агенттігінің сауалына берген ресми жауабында айтылған.

Министрлік «Татнефть» мен AМӨЗ арасындағы ынтымақтастық өндірістік тәжірибе алмасумен шектелгенін, бұл салада кең таралған тәжірибе және зауыт жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын түсіндірді.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Татнефть» ЖАҚ өкілдері өндірістік тәжірибе алмасу аясында Атырау мұнай өңдеу зауытымен өзара іс-қимыл жасады. Мұнай өңдеу саласындағы және одан тыс компаниялар арасында тәжірибе алмасу – зауыттың өндірістік көрсеткіштерін жақсартудың стандартты және кең таралған үрдісі. (...) Қазіргі уақытта АМӨЗ үлесін сату қарастырылып жатқан жоқ», - деді Энергетика министрлігі.

Бұған дейін, 28 наурызда «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі бақылау пакетін ресейлік тарапқа беру мүмкіндігі туралы пікірталас тудырған ықтимал сату туралы сұраққа нақты жауап бермей, Атырау мұнай өңдеу зауытын жекешелендіруге қатысты түсініктеме берген болатын.

1 сәуір, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16