
Еске салсақ, 27 наурызда Доссор-Атырау тас жолының Оңай ата тұсында Shacman жүк көлігі мен Hyundai Elantra жеңіл көлігігі арасында ЖКО орын алған болатын.
Салдарынан жеңіл көліктегі 2007 жылғы жолаушысы ауыр жарақаттармен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген болатын. Төрт күннен кейін жолаушы жігіт қайтыс болды.
Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мына тұрғыда түсінік берді: "ЖКО зардап шеккен 2007 жылғы азамат жедел жәрдем қызметімен өте ауыр жағдайда Атырау облыстық ауруханаға әкелінді. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті реанимациялық шараларды шұғыл түрде жүргізді. Алайда көрсетілген медициналық көмектерге қарамастан пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады" дейді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА