
Ауданда 54 км қорғаныс бөгеті салынып, жұмыстар толықтай аяқталды. 17 500 қапшық төселді. Сонымен қатар Ноғайты және Ойыл өзендерінің 12 км арнасы тазартылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 147 адам мен 69 техника жұмылдырылған. Оның ішінде ТЖМ-нің 37 қызметкері, ІІМ-нің 20 маманы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 70 адам мен 56 техника тартылған.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету аясында 60 мың қапшық, 91 мотопомпа, 7 қайық, мың күрек және 600 төсек-орын жиынтығы дайындалған.