Атырау, 5 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп Иранды жаңа санкциялармен қорқытты

596 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық бағдарлама бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда қосымша санкциялар енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Ол журналистермен әңгімелесу барысында: «Егер прогресс байқалмаса, біз жаңа баж салығын енгізуге дайынбыз. Әзірге біз мұны жасамаймыз, бірақ егер ештеңе өзгермесе, бірнеше апта ішінде шешім қабылдаймыз», – деді.

Трамп соңғы шешімнің Тегеранның ұстанымына байланысты екенін атап өтті. «Егер олар келісімге қол қойса, жаңа баж салығы болмайды», – деп қосты ол. Олай болмаған жағдайда Иран үшін салдары жағымсыз болатынын ескертті.

АҚШ президенті Тегеранның ақырында ядролық келісімге келісетініне сенімді екенін білдірді.

31 наурыз, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.