
Құлсарыда Жем өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жалғасуда.
ТЖМ 20982 әскери бөлімінің жеке құрамы, ТЖД қызметкерлері және ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімімі бірлесіп, Атырау облысының Құлсары қаласында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Кеше олар 1000 қап инертті материалдарды төсеп, Жем өзенінің 400 метр жағалауын нығайтты. Жұмыстар жалғасуда.
Мақсат – су басу қаупін азайту және су деңгейі көтерілген жағдайда инфрақұрылымды қорғау.