
Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, С. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, Махамбет ауылында «Ваз 21154» маркалы автокөлігін масаң күйде басқарған.
Құқық бұзушының кінәсі өзінің мойындау жауабымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық қорытындымен және бейнежазбамен дәлелденді.
Сот құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.