Атырау, 19 желтоқсан 00:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Халық Кенесарының басын неге іздейді?", «Қазақстанда да сүндеттеуге саясат араласа бастады», «Гүлдер» жаңаша гүлдемек", «Ауа емес, у жұтып жүрміз»,

2 034 просмотра

BAQ.KZХалық Кенесарының басын неге іздейді?- Қазақ қоғамында Ресей мұражайларының қайсында «тығылып» жатқаны белгісіз Кенесары ханның басын елге қайтару туралы мәселе жиі-жиі көтеріліп жүр. Бұл, әсіресе, ел тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Ол түсінікті де. Ырымшыл қазақ халқымыздың соңғы ханының басы туған топыраққа қайтып оралса, ұлт рухы дүр сілкініп, Қазақстанның жаңғыру дәуірі басталатынына анық сенеді. Ал бұл дүниеде халықтың сенімінен асқан күш жоқ. Сенім – алынбас қамалдарды да алады, асуы жоқ биіктерден де өткізеді.

ALASHAINASY. «Ауа емес, у жұтып жүрміз» - Әлем елдерінің былтырғы экологиялық рейтингі бойынша экологиялық лас елдердің қатарында Қазақстан 132 елдің ішінде 129-орында тұр. Яғни ең лас болып есептелетін бестіктің бел ортасындағы еліміздің соңына тек Өзбекстан, Түрікменстан мен Ирак түсіпті. 13 жылдан бері Қазақстан өте жағымсыз экологиялық бағыттағы он елдің қатарынан шықпай келеді. Ол аз болса, әлемдегі ең лас қалалардың тізімінде біздің Алматымыз тоғызыншы орында тұр.BAQ.KZ. «Гүлдер» жаңаша гүлдемек- Қазақөнерініңқарашаңырағы«Гүлдер» ансамбліөзініңалғашқыіргетасын1969 жылықалады. Қазақ өнерінің қайраткері Гүлжихан Қалиқызы бастаған зиялылардың бастамасымен 44 жыл бұрын дүниеге келген «Гүлдер» ансамблін – қазақ эстрадасының жанр ретінде қалыптасып, дамуына кәсіби үлес қосқан, мәдениетіміздің тарихи бір бөлшегі деуге болады.

AZZATYK.ORG. «Қазақстанда да сүндеттеуге саясат араласа бастады» -«Нұр Отан» сүндеттеткен баланың суреті интернетке тарап кетіп, кей оқырман оған наразы болды. Ал партия өкілі сүндеттеу шарасына «нұротандықтардың» өз еріктерімен ақша жинап бергенін» айтады.

JASQAZAQ.KZ. "Шайтанкөлдің жұмбағы" - Туған өлкенің сұлулығымен қатар, құпия мен жұмбаққа толы тылсым құбылыстары аз емес. Біреулер әсемдігін әдіптеп әсерлі жырына арқау етсе, екіншілері соңынан ерген аңызын айтады, киесіне тәу етеді. Аты ғана емес, заты да аңызға айналған Атамекеннің  сондай тылсым аймағының бірі – қасиетті Қарқаралы өңіріндегі Шайтанкөл айдыны.

TODAY.KZ. «Елімізде 2013-інші жылы салынған ең қымбат құрылыс нысандары» - Ең қымбат құрылыс нысандарының тізімі жарияланды. Бірінші орынды Астанадағы ең үлкен әрі әдемі күмбезді Әзірет Сұлтан мешіті иеленепті. Айта өтейік, мешіттің ішіндегі Құран сүрелері алтынмен өрнектелген. Мешіттің алдыңғы жағының қабырғалары табиғи тастармен әрлендіріліп, күмбездері металмен көм¬керіле өрілген. Ал құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізіліпті. Осының бәріне 12,7 миллард теңге жұмсалған. 

BAQ.KZ. «Гүлдер» жаңаша гүлдемек- Қазақ өнерінің қара шаңырағы «Гүлдер» ансамблі өзінің алғашқы іргетасын1969 жылықалады. Қазақ өнерінің қайраткері Гүлжихан Қалиқызы бастаған зиялылардың бастамасымен 44 жыл бұрын дүниеге келген «Гүлдер» ансамблін – қазақ эстрадасының жанр ретінде қалыптасып, дамуына кәсіби үлес қосқан, мәдениетіміздің тарихи бір бөлшегі деуге болады.

AZZATYK.ORG. Азаматтық алған спортшыларды жанкүйер түрліше бағалайды - Қазақстан азаматтығын алған шетелдік спортшылардың кейбірі елдеріне қайтып кетті. Ал жанкүйерлер шетелден спортшы шақырудың артықшылығы мен кемшілігін түгендейді.

16 тамыз 2013, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.