Атырау, 17 наурыз 0211
 ашықВ Атырау +14
$ 505.15
€ 550.31
₽ 5.89

Атырау облысының көлік прокуроры тағайындалды

375 просмотра

Есболат Еділбаев Атырау облысының өңірлік көлік прокуроры болып тағайындалды.

2007 жылдан бері прокуратура органдарында қызмет етіп, еңбек жолын Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. 18 жыл қызметінде Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі, Индер ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығының орынбасары, бастығы, аппарат басшысы, Бас прокуратураның мүдделерді қорғау қызметі басқармасының прокуроры қызметтерін атқарған.

Тағайындау көлік прокуратурасы қызметкеріне қатысты атышулы жанжалдың аясында болды.

28 қаңтарда Атыраудағы «Beer House Villa» мекемесінің бірінде көлік прокуратурасының қызметкері Асқар ЖАНЫСПАЕВ, Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) басшысы Айдын САУДАНБЕКОВ пен оның орынбасары Әліби БАҒЫТЖАНОВТЫҢ арасында жанжал шыққан. Төбелес салдарынан Бағытжанов ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сол күні күдікті ретінде көлік прокуратурасының 35 жастағы қызметкері Ж. Ә. ҚУАНЫШ ұсталды. Сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Жаңа кадрлық тағайындаудың ведомстводағы жағдайға қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 00:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.