Атырау, 21 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атыраудағы МКД басшысы орынбасарының соққыға жығылуы: Тергеу барысы туралы не белгілі

2 048 рет қаралды
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков (сол жақта) және оның орынбасары Әліби Бағытжанов

Еске салайық, 28 қаңтарда Атыраудағы элиталық Beer House Villa мекемесінде көлік прокуратурасының қызметкері Асқар ЖАНЫСПАЕВ, Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) басшысы Айдын САУДАНБЕКОВ пен оның орынбасары Әліби БАҒЫТЖАНОВТЫҢ арасында кикілжің шыққан болатын. Төбелес салдарынан Бағытжанов ауыр жарақат алып, ес-түссіз күйде облыстық ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін Бағытжановтың комада жатқаны хабарланған болатын. Облыстық ауруханадан алынған жаңа мәлімет бойынша, Әліби Бағытжанов емін аяқтап, емделіп шыққан.

Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, қазір бір күдікті қамауға алынғаны белгілі болды. Тергеу барысын анықтау үшін біз Атырау облысының прокуратурасы мен полиция департаментіне сауал жолдадық.

Полиция мен прокуратура не деп жауап берді?

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-тармағы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жалғасуда, ал толық мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Толығырақ ақпаратты Атырау қаласының прокуроры Руслан АЙТИМОВ ұсынды. Оның айтуынша, полицияға Әліби Бақытжановтың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама 29 қаңтар күні сағат 01:37-де түскен. Бастапқыда іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының  1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша тергелді. Бірақ кейін ол ҚР Қылмыстық кодексінің анағұрлым ауыр 106-бабына қайта сараланған.

Сол күні күдікті ретінде 35 жастағы Ж.Ә.ҚУАНЫШ ұсталған. Сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

Қалған сауалдар

Бір күдіктінің қамауға алынғаны расталғанымен, бұл іске көлік прокуроры Асқар Жаныспаевтың қатысы болуы мүмкін деген ресми түсініктеме жоқ. Тергеу жәбірленушіге нақты кімнің ауыр дене жарақатын салғанын, жанжалға қатысы бар басқа адамдардың ұсталған-ұсталмағанын нақтыламайды.

Қазіргі уақытта қылмыстың бастапқыда неліктен онша ауыр емес санатқа жатқызылғаны және ресми мәлімдемелерде төбелеске қатысушылардың кейбірін атаудан неліктен қашқақтайтыны ашық күйде қалып отыр. 

Айнұр САПАРОВА

28 ақпан, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.