Атырау, 27 шілде 05:31
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

"Шәкен Аймановтың үйі гей-клубқа айналып кетіпті", "Сноуден Ресейге қымбатқа түсті", "Ұйқымыз айға да байланысты", «My name is...» деп айта алмайтындар 90 ұпай жинады»

1 929 просмотра

NESIBELI.KZ."Шәкен Аймановтың үйі гей-клубқа айналып кетіпті" - Қазақстан Кинематографистер одағында жанжал қызып келеді. Ұйымның бірқатар мүшелері одақтың қазіргі басшысы – еңбегі сіңген өнер қайраткері Игорь Вовнянконың отставкаға кетуін талап етуде. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.«Біз оның неліктен тістей қатып, орнынан кеткісі келмейтінін енді түсіне бастадық. Сөйтсек, соңғы төрт жылдан бері кино үйін, келесі жылы туғанына 100 жыл толатын Шәкен Аймановтың үйін гей-клубқа жалға беріп келе жатыр екен», - деді журналистерге режиссер Болат Шәріп.

AIKYN."Сноуден Ресейге қымбатқа түсті" - Сноуден АҚШ-тың құпия барлауы туралы тағы бір шындықтың бетін ашты. Бүкіл интернет қолданушылардың кез келген әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін Xkeyscore барлау жүйесі әлемнің 150 мемлекетіндегі 700 серверде орналасқан екен. 

OTYRAR.KZ Шымкент тұрғыны көлігіне қағаз нөмір жапсырып жүрген - Шымкентте демалыс күндері қарсаңында жол полициясының қызметкерлері күшейтілген рейдке шығады. Бұл іс-шаралар біраздан бері тұрақты түрде өтіп келе жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аптаның соңына қарай рөлге мас күйінде отыратын жүргізушілер қатары қалыңдайтын көрінеді. Бұл жолғы рейд барысында да жол жүру тәртібін өрескел бұзу фактісі әшкереленді.

AZATTYQ.ORG. «My name is...» деп айта алмайтындар 90 ұпай жинады» дейді үміткер - Жоғары оқу орындарына магистратура мен докторантураға қабылдау емтихандары басталды. Сынақтың бірінші турында шет тілінен жоғары ұпай жинағандардың кейбірі жауапты сатып алғанын не орнына басқа адам кіргізгенін айтты.

AIKYN."Ұйқымыз айға да байланысты" - Кейде ұйқымыз бұзылып, ерте жатсақ та ұйқымыз қанбай мең-зең күй кешетін кездеріміз болады. Оған қатысты шетелдік ғалымдар өз дәлелдерін келтіруде...  Бірнеше жыл бұрын хронобиолог Кристиан Кайохен мен оның Базель (Швейцария) университетіндегі әріптестері түске байланысты зерттеу жүргізген екен. Зерттеуге қатысқан 33 ерікті ұйқыға кеткенде ғалымдар олардың ми белсенділіктерін, көз алмасының қозғалысы мен гармондар деңгейін бақылаған. 

AZATTYQ.ORG.ЮНЕСКО тізімінде Қазақстанның үш нысаны ғана бар - «Қазақстанның тағы үш ескерткіші ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енді» деген хабарды ұйым өкілі жоққа шығарды. Өкіл елдегі басқа тарихи мұралардың жайын да айтты.

EGEMEN.KZ."Балуан Шолақ қандай құрметке де лайық тұлға" - Елдің күнгейінен пойызбен Астанаға немесе Көкше өңіріне жол шеккен жолаушының Шудан өткеннен кейінгі көзі тоқталар алғашқы көрініс – оң қапталдан алыс тұрса да андағайлайтын Хантауы. Әрине, Алатаудай асқар емес. Қаракөк жартасты, сонау-сонау жылдары төскейдегі көктеуін көктем сайын Жазекең жарықтық, екі мәрте Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев төлге толтырып отыратын Сұңқар шыңынан өзге жаратылысы жатағандау болғанымен, қалың қатпарлы. Сол қатпар бірте-бірте алыс замандарда осында аял қылыпты делінетін Шыңғысханның қаһарлы қабағы әлденеден жадырай жазылғанындай Далақайнар атты кең жазыққа айналып кетеді. 

15 тамыз 2013, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.