ALASH AINASY. "Ақ Жайықтың аңқасы кеуіп тұр" - Ағарып аққан Ақ Жайық жылдар өте жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін. Мұны ойдан шығарып отырғанымыз жоқ: соңғы 20 жылда өзендегі су тапшылығы бес шаршы шақырымға жетті. Соның кесірінен мыңдаған гектар алқап жер қаңсып қалды, бағалы бекіре тұқымдас балық қоры кеміп барады.
ZHAS ALASH. “EXPO – 2017” көрмесiне қазақстанға 5 миллионға жуық қытай азаматы келмек"- Қазақ-қытай визасыз келiсiмi жайлы екi министрлiк екi түрлi мәлiмдеме жасады. Бұған дейiн индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туризм индустриясы комитетi төрағасының орынбасары Мұхит Саймасаев Қазақстан мен Қытай арасында визасыз топтық туристiк сапар жасауға рұқсат беру жөнiнде келiсiм жасалып жатқанын айтқан-ды. Ал сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қайрат Сарыбай мұндай келiсiм жөнiнде бiлмейтiнiн мәлiмдедi. Азаматтық белсендiлер визасыз жүйеге қарсылығын бiлдiрiп үлгердi.
AZZATYK.ORG. "Заңгер: Оралда журналистерді ұстағаны - заңсыз" - Облыс әкімінің фотомакетін алып жүрген «Уральская неделя» газетінің тілшілері «әкімшілік құқықты бұзды» деп айыпталды. Заңгер олардың ұсталуын заңсыз дейді. Тамыздың 13-і күні Орал қаласында «Уральская неделя» газетінің тілшілері мен көлік жүргізушісі - Талғат Омаров, Тұрар Төлегенов, Рауль Упоров және Михаил Ишутин ұсталды. Олар Батыс Қазақстан облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың фотомакетін көлікке салып алып, Оралдың біраз орындары мен мекемелерін аралаған.
ALASH AINASY. "Мәңгілік двигатель Ақтауда табылды ма?" - Ақтаулық өнертапқыш Сәттібай Дүйсенбаев мәңгілік двигатель ойлап таптым деп отыр. Шексіз электр қуатын өндіру үшін бар-жоғы машина майы керек көрінеді. «Двигательдің иінді білігіне орнатылған қалақ өзінің салмағынан айналып тұрады. Біліктің бойындағы тісті доңғалаққа оралған шынжыр тізбек беріліс қорабын айналдырады.
BAQ.KZ. "Қазақ" атауы туралы түпсөз - Қазақта «қаза» деген қастерлі сөз бар. Өлімнің бәрін «қаза» демейді. Мәселен, майданға қатыспай өз үйінде жатып көз жұмған кісіні «қаза тапты» деп айтпайды: «қайтыс болды», «бақилық болды», «дәм-тұзы таусылды» дегендей басқа сөздермен сипаттайды. «Қаза» - бұл, дәрежесі өзге өлімнен биік тұратын, батырлықтың дәлелі болатын сөз. Қаза болған кісіні ел-жұрты батыр деп дәріптеп, жоқтап аза тұтқан. Яғни, қаза табу - жауынгердің ғана маңдайына жазылған ақ өлім.
SERKE."Ұлт патриоттары билікке қашан келеді?" - «Келесі президент ұлт-патриоттардың қатарынан шығады!» – деген қаңқу сөздісоңғы кездері жиі еститін болдық. Бұл негізі бар әңгіме ме, жоқ па? Енді осыған ой жүгіртіп көрейік. Рас, посткеңестік кеңістіктегі елдердің жүріп өткен соқпақтарына қарағанда, мұндай үрдіс бар. Балтық жағалауы елдерінде, Украина мен Грузияда ұлттық бағыттағы күштер билік басына келді. Соңғы екі елде олардың қоғам алдында беделі төмендеп, биліктен қалай ығысып жатқаны да белгілі. Бір кеңістікке жатқызып жүргенімен саяси ахуалдың дамуы бізде мүлде бөлек.
ALASH AINASY. "Еліміздің ең жас әкімі Хамза ОРАЗБЕКОВ: «Ауылға жас әкімдер керек!» - Керекуде әкімдер сайлауы сәтті әрі әділ өтті. Естеріңізге сала кетсек, саяси науқанның нәтижесінде аймақтың 146 ауылдық округі басшыларының есімдері белгілі болды. Өңірдегі ауылдық елді мекендердің басшылығы лауазымында болғандардың 88-і бұрынғы орынтақтарында қалған, бұл әкімдер лауазымының 60 пайызын құрайды. Кеше ғана Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округінің әкімі болып Хамза Оразбеков тағайындалды. Хамза Оралбекұлы – еліміз бойынша ең жас әкім. Жасы 25-те. Үйленген, екі баланың әкесі.