Атырау, 26 сәуір 15:11
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Планшет баланы мүгедек етуі мүмкін", "Жайықта сынақтан өтіп жатыр", "Солтүстік Корея сенсорлы қалта телефонын жасап шығарды", "Әбілязовты қайтарамыз!" тобы Франция елшілігіне келді", "Шымкенттік жезөкшелер "қызмет" құнын жайып салды"

2 230 просмотра

AIKYN. "Планшет баланы мүгедек етуі мүмкін" -Жаңа заман ұрпағы планшетте сурет салып, ойнап, әлемді экраннан тануға үйреніп кеткен. Ал планшеттер мен смартфондарды жиі қолдану балалардың денсаулығына үлкен залал келтіреді екен. Оклендалық (Жаңа Зеландия) хиропрактик Маргарет Брайстің айтуынша, түрлі гаджеттердің кесірінен бала омыртқасы майысып, дене қисық өседі.

AIKYN. "Жайықта сынақтан өтіп жатыр" -  «Зенит» Орал зауыты» АҚ-да жасалған қазақстандық жаңа FC19 жобасындағы жүрдек катер Жайықта сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Катер (шағын кеме) заңсыз кеме қатынасын, контрабандалық операцияларды, қарақшылық пен заңсыз балық аулаудың жолын  кесу, кіші қайықтармен күрес, оларды ұстау мен заңбұзушыларды тексеру бойынша торуылдау  мақсатымен республика шекарасының мемлекеттік аумақтық суларын және құрлықтық шельфін қорғауға арналған. Қазір екі жүрдек FC19 жобасындағы патрульдік катер Каспийде өз қызметін жасап жатыр.

TODAY.KZ. "Coлтүстік Корея сенсорлы қалта телефонын жасап шығарды" - Солтүстік кореяның ғалымдары өздерінің бірегей сенсорлы қалта телефонын жасап шығарды.

КХДР басшысы Ким Чен Ын 11 май атындағы зауытта болып, смартфонды жеке көріп қайтты.Ол инженерлердің жұмысына риза болып, «Ариран» смартфоны қолданудағы жеңілдігімен, әсемдігімен және хабаралсу мен оқуға оңтайлығымен ерекшеленеді деп мәлімдеді.

NUR.KZ. "Әбілязовты қайтарамыз!" тобы Франция елшілігіне келді" - Мұхтар Әбілязовтың елге қайтарылуын талап еткен белсенділер, Астанадағы Франция елшілігінің алдына жиналды. 40-тан астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жуырда "Әбіләзовты елге қайтарайық" одағына біріккен болатын.

КТК АРНАСЫ. "Шымкенттік жезөкшелер "қызмет" құнын жайып салды" - Шымкентте бір түн ішінде қаланы жезөкшелерден тазартуға шыққан полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздарының жолы болмады. Олар "түнгі көбелектерді" көше бойынан іздеп, тіпті жалдамалы пәтерлерге дейін бас сұқты.

NUR.KZ. "Премьер-министрдің кеңесшісі жол апатынан қаза тапты" - Қарағанды облысында премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі жол апатынан қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы кеше кешкілік Алматы-Балқаш тас жолында болған. Марқұм Виссарион Ким Балқашқа барар жолда "Митцубиси" көлігін өзі жүргізген.Сол сәтте жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіндегі жыраға түсіп кетеді. Ауыр жарақат алған 40 жастағы кеңесші оқиға орнында қаза тапқан.

АСТАНА ТЕЛЕАРНАСЫ. "Алматыда атыс болып, екі адам жараланды" - Аудандағы текетірес оқ атумен аяқталды. Алматыда травматикалық қарудан екі адам жараланды. "Малая Станица" ықшамауданына қонаққа келген үш азамат жергілікті жеткіншектермен сөзге келіспей қалады. Салдарынан арты төбелеске ұласып, тапаншадан оқ атылған. Қазір жараланған екі азамат та ауруханада жатыр. Ал бұл іске қатысты бар деген күдікпен екі адам қамауға алынған.

 

 

 

13 тамыз 2013, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.