Атырау, 21 желтоқсан 13:38
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда NB Towers тұрғын үй кешенінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 085 рет қаралды

Атырау облысының полиция департаменті NB Towers тұрғын үй кешенінің директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін бұл кешеннен пәтер алған үлескерлер жағдайды реттеуді талап етіп, полицияға ұжымдық шағым түсірген болатын. Бұл кешеннен пәтер алу үшін олар 20-дан 40 миллион теңгеге дейін қаражат салған.

Алданған үлескерлердің бірі Ақмарал ДОСОВА хабарлағандай, полиция оларға қылмыстық іс жүргізу басталғаны туралы хабарлаған. Баспасөз хатшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТ бұл фактіні растап, тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Еске салайық, NB Towers тұрғын үй кешені бұзылуы керек. Алайда құрылыс салушы кассациялық шағым түсірген, соңғы шешім алда қаралатын сот ісіне байланысты болмақ. Рұқсат құжаттарын алуға ғимараттың Qazaq Oil жанармай құю станциясына жақын орналасуы негізгі кедергі болған. Құрылыс нормаларының бұзылғандықтан кешенді пайдалану мүмкін болмай қалды, енді құзырлы органдар оны бұзу мүмкіндігін қарастыруда.

Пәтерге ақша салған үлескерлер қиын жағдайда қалып отыр: олар баспанаға құжаттарын рәсімдей алмай жүр, енді одан айырылып қалу қаупі бар. Қазір жәбірленушілер келтірілген шығынды өтеуді және NB Towers тұрғын үй кешенін салуға және пәтерлерді сатуға қатысы бар тұрлғалардың бәрін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Алайда, құқықтық және техникалық қиындықтарды ескерсек, олардың мәселесін шешу процесі ұзаққа созылуы мүмкін. 

Айнұр САПАРОВА

28 ақпан, 23:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.