24.KZ. "Қостанай облысында кәмілет жасына толмаған қызды зорлаған құқық қорғаушы құрықталды" - Тәртіп сақшысы үлкендердің қарауынсыз жүрген 2 қызды ұстап, учаскелік бөлімшеге алып келген.
Кейін қыздарды бөлек бөлмелерге қамап, арам ойын жүзеге асырған.
Қазір құқық қорғаушы қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
NUR.KZ. "Түркістан IV-V ғасырдан көп бұрын салынған" - Түркістан қаласы IV-V ғасырдан көп бұрын салынған Түркістанға жасалған кезекті археологиялық экспедиция кезінде зерттеушілер кереметтей құрылыс кешеніне тап болды.
Археологтар шамамен б.э. 1 ғасырда бой көтерген сәулет өнерінің дерегін тапты. Енді, осы ерекше жаңалықтың арқасында ғалымдар қаланың ергетасы қалану мерзімі бүгінгіге дейін болшамданып келген шамадан көп әріде жатқанын айтып сүйінші сұрауда.
ZHAS KAZAK. "Олигархтың Одиссеясы" - Францияда қашқын олигарх, БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов қолға түсті. 40 тәулікке қамауға алынды. Тіпті біздегі кейбір телеарналар «М.Әбіләзов елге әкелінеді» деп сүйінші сұрап та қойды. Бірақ ол жағы әлі көмескілеу нәрсе екені анық. Әйтсе де, ешкім қол қусырып қарап отырған жоқ. Айталық, Бас прокуратура Әбіләзовті Франциядан Қазақстанға қайтаруға өтініш білдірді. Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік болса, олигархқа қарсы тағы 8 бірдей қылмыстық іс қозғады. БТА-дан жымқырған 5 миллиардтан бөлек, 317 миллион доллардан аса қаржыны оффшорлық компанияларға қайтарымсыз несие ретінде бергеі үшін. Қашқын елге қайтқан жағдайда, дүние-мүлкі тәркіленіп, 13 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ТҮРКІСТАН-АҚПАРАТ. "Бакуде «Қазақ вальсі» қалықтады" - Әзірбайжан республикасының жастар және спорт министрлігі ұйымдастырған көрнекті де ауқымды шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Түркия мемлекетінен өнер жолында жүрген дарынды жастары қатысты.
NUR.KZ. "Ресей Қазақстаннан Roshen өнімдеріне тыйым салуды сұрады"- Ресейлік"Роспотребнадзор" мекемесі Қазақстаннан Украинаның"Рошен" (Roshen) компаниясының кондитерлік өнімдеріне тыйым салуды сұрады.
Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бас сарапшысы Марал Рақымжанова тыйым салуды сұраған хаттың "Роспотребнадзордан" түскенін растаған.