Атырау, 12 желтоқсан 07:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Заңдағы мәтіннің дұрыс аударылуы үшін сөздік жазылды

1 008 рет қаралды
Видеодан скриншот

Заңнын қазақ тіліндегі мәтінінде мағыналық қателер бар. Себебі сөйлем құрылымы ауыр, әлі де түзетуді талап етеді. Осылай деген Сенат депутаттары мен заңгерлер Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте бас қосты. Шарада «Қазақ-орыс заң сөздігі» атты кітап таныстырылды. Автордың айтуынша, орыс тіліндегі бір ғана сөз қазақ тілінде 5 бірдей мағына беруі мүмкін. Сондықтан ол заң терминдерін бірізді етіп аударған. Бұл туралы «Qazaqstan» хабарлайды. 

Сағидолла Баймұрат, Maqsut Narikbayev University профессоры, заңгер:

Заңдағы жазылудың бірден-бір проблемасы - аудармашылар, филологтар аударған кезде юридикалық категориядан, мысалы, приобретение деген сөз бар. Оны әртүрлі етіп жаза береді. Бір жерде алу, сатып алу, иелену, иемдену дейді. Олай дұрыс емес. Қазір бір жаңа заң жобасы шықса, осы кітапты қолдансын.  Қандай сөз жетпей жатырғ соны талқылайық. Түзету мен толықтырулар енгізуге дайынбыз.
21 ақпан, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.