
Елордада 19 жастағы тұрғын «жеңіл табыс» туралы интернеттегі хабарландыруға алданып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ол белгісіз адамдардың нұсқауымен өз атына банк шотын ашып, мобильді қосымшаның логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға берген. Осы арқылы алаяқтар оның шотын заңсыз қаржылық операцияларға пайдаланған.
Жас жігіт бұл әрекеті үшін 30 мың теңге сыйақы алғанымен, кейін банк шоты қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару үшін қолданылғаны анықталды. Сот оның кінәсін дәлелдеп, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды (216 250 теңге). Үкім 29 мамыр 2026 жылы заңды күшіне енді.
Прокуратура азаматтарды банк шоттарын, төлем карталарын, логин мен құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеуге шақырып, мұндай әрекеттер қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті.
В Атырау +33.2