
Ұлытау облысында 17 шілдеде өңір әкімін тағайындауға келісім беру үшін облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді. Бұл туралы «Ұлытау облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі хабарлады.
Жиналыс Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесі, 22 мекенжайында өтеді. Жиынның басталуы сағат 11:00-ге жоспарланған, ал депутаттарды тіркеу 10:00-де басталады.
Хабарламада бұл жиынның Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес өткізілетіні атап өтілген. Бұл құжат мәслихат депутаттарының облыс, астана және республикалық маңызы бар қала әкімдерін тағайындауға келісім беру ережелерін бекітеді.
Қазір Ұлытау облысын Дастан Рыспеков басқарып отыр. Ол бұл қызметке 2024 жылғы 9 қазанда тағайындалған болатын. Бұған дейін Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
В Атырау +33.2