Атырау, 16 шілде 19:22
 дождьВ Атырау +33.2
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01

Атырауда үшінші күн қатарынан электр жарығы жаппай өшіріліп жатыр

102 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет
ChatGPT жасаған сурет

Атырауда соңғы күндері электр жарығы жиі ажыратылып, әсіресе қаланың сол жағалауындағы тұрғындар жарықсыз қалып отыр.

14 шілдеде Атырауда әрбір сағат-сағат жарым сайын қаланың сол жағалауындағы көптеген ықшамаудандар мен көшелер жарықсыз қалды. Балықшы, Химпоселок, СМП-136, Жилгородок, Томарлы, Көктем, Жұлдыз, Ақсай-2, Алмагүл, Толқын, Мирный, Құрсай, Орталық, Ақ депо сияқты аудандарда, сондай-ақ Стройконтора, Сельстрой, Торговая база, Маслопром маңында және С. Датов, Чехов, Уәлиханов, Өтемісов, Абай, Тельман, Азаттық, Гурьевская, Полынина, Әбдірахманов, Атамбаев, Смағұлов, Шәріпов, Мұқанов, Гайдар, Әуезов көшелерінде жарық толық немесе жартылай өшірілді.

15–16 шілдеде де жағдай жалғасқанымен, жиілігі азайды, бірақ бұл ондаған мың тұрғынға жеңілдік әкелмеді. Әлеуметтік желілерде тұрмыстық техниканың күйіп кеткеніне байланысты шағымдар көбейген.

«Атырау Жарық» баспасөз қызметінің мәліметінше, жарықтың жиі ажыратылуына себеп – Маңғыстау облысына қарай ЛЭП-220кВ желісі арқылы жіберілетін электр қуатының рұқсат етілген көлемінен асып кетуі. Мұндай жағдайда арнайы автоматика жүйесі (САОН) іске қосылып, жүктемені ажыратады. Бұл жүйе «Атырау Жарықтың» қарамағында емес екені де атап өтілді.

Бұл бейберекет жағдайдың қанша күнге созылатыны әзірге белгісіз.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.