Атырау, 26 қараша 02:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бергейдің швейцариялық жинағы және 5 мүрде табылды (толықтырылды)

5 641 просмотра

Швейцар конфедерациясының Федералдық прокуратурасы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен оның ағасы, бұрынғы мәжіліс депутаты Аманжан РЫСҚАЛИЕВҚА қатысты қылмыстық тергеу жүргізуде, - деп хабарлады Қазақстан қаржы полициясының баспасөз қызметі. 

 «Швейцар конфедерациясының Федералдық прокуратурасы Рысқалиевтерге қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізуде. Тергеу аясында Рысқалиевтар мен олардың жақын туыстарына тиесілі Швейцария банкілерінде жалпы соммасы 100 млн еуродан асатын айтарлықтай ақшалай қаражат салынған үш банкілік есеп-шот анықталды», - делінген хабарламада.

Баспасөз хабарламасына сәйкес, аталған шоттар қамаққа алынды.

«Қаржы полициясы агенттігі Швейцар конфедерациясы аумағында Қазақстан Республикасы қаржы полициясының қызметкерлеріне тергеу амалдарын жүргізуге рұқсат беру туралы халықаралық тапсырма жолдады», - делінген хабарламада.

«АЖ»-ның бейресми ақпараттары бойынша, Бергей Рысқалиев Атырау облысын басқарған жылдары бюджеттік қаражаттарды қымқырумен байланысты көптеген эпизодтар бойынша айыпталған жоғары шенді шенеуніктер мен мердігерлер өкілдеріне қатысты сот үстіміздегі жылдың тамыз айының ішінде басталуы керек. Айыпталушылардың ішінде әкімнің өзі мен ағасы да бар, оларға іздеу жарияланды. Айта кетер жайт, «Бергей ісі» бойынша айыпталушыларды іздеу еш нәтиже бермеді.

Бір қызығы, қаржы полициясының Рысқалиевтардың Швейцариядағы шоттарын қамаққа алу туралы хабарламасы осы сот процесінің қарсаңына дәл сәйкес келді. Бұл фактілерді алға тартып, тергеу барлығына ұрланған қаражаттар немесе оның қомақты бір бөлігі болса да табылғанын, яғни, Бергей мен оның ұйымдасқан қылмыстық тобына қарсы айыптаулар негізсіз болмағанын көрсеткісі келеді.

Айыптаушы жақ осылардың арқасында ұстатпас Б. Рысқалиевқа (анекдоттағы ұстатпас Джоны еске түсіреді) қатысты сырттай сот жүргізу қоғам алдында онша күлкілі бола қоймас деп үміттенетін шығар.

Азамат МАЙТАНОВ

Редакциядан:

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ағайындылардың ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықты (тергеудің жорамалы бойынша құрамына үш ұйымдасқан қылмыстық топ кірген ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық) толықтай күйрету үшінбірнеше құқық қорғау органдары өкілдерінен құрылған арнайы топ жұмыс жасай бастады Мақаттағы арнайы топ: қарсыласқаннан пайда жоқ!»).«АЖ»-дың бейресми көздерінен белгілі болғандай, қазірдің өзінде 5 мүрде табылған. Бұлардың жоғалғандары және өлтірілгендігі туралы туыстары полицияға шағымданған, алайда бәрі қорыққандарынан ешқандай әрекет жасай алмаған. Біздің ақпарат көздеріміздің деректерінше, құрбандарды алдымен аяусыз ұрып-соғып, содан кейін түнде аяқтарынан жоғары асып қойған, ал таңда келіп, жансыз мүрдені көміп тастаған. ҰҚҚ-тың 10-15 жыл бойғы белсенді әрекеті кезінде құрбандар саны 20-ға дейін жетуі мүмкін, ішінде бірнеше ақтөбелік кәсіпкерлер де бар.

7 тамыз 2013, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.