Атырау, 23 желтоқсан 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ізмұхамбетов күйеу баласының «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС басшысы болып тағайындалуына қатысты түсінік беруден бас тартты

1 462 рет қаралды

Press.kz ақпарат агенттігіндегі әріптестер парламенттің төменгі палатасының кулуарында түсініктеме алуға тырысты.

Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат ҚҰРМАНБАЕВ «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директоры болып 5 жылдық мерзімге тағайындалған болатын. ҚазТАГ агенттігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, Құрманбаев - Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтің күйеу баласы.

Press.kz ақпарат агенттігі журналисінің сауалына мәжілісмен күйеу баласының тағайындалуына қатысты пікір білдіруден бас тартып: "Айналамда толып жатқан ағайын. Кімнің қайда тағайындалып жатқанына менің қандай қатысым бар", деді.


@press_kz Зять депутата мажилиса Бактыкожы Измухамбетова - Талгат Курманбаев возглавил правление ТОО "Казахстанско-Китайский Трубопровод", совместного предприятия АО "КазТрансОйл" и China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd. Однако назначение своего родственника мажилисмен комментировать отказался. #казахстан #депутат #пост #родственники #новости оригинальный звук - ИА "PRESS.KZ"

Жомарт ӘМІРХАНОВ


17 қаңтар, 23:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.