Атырау, 16 қаңтар 18:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Сот талқылауы және ұзаққа созылған жобалық құжаттама: Ерік Мостовойдың болашағы бұлыңғыр

111 просмотра

Су қоймасын қайта жарақтаудың жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әлі аяқталмаған, оны әзірлеу мерзімі бір жылдан астам уақыт бұрын біткен еді. 

Еске салайық, 2023 жылдың көктемінде жергілікті билік ерікті жандандыру жобасын жариялаған болатын. 20 жылдан астам уақыт бұрын салынған Мостовой әлдеқашан жаңбыр мен еріген қар суы тұндырғышына, масалардың ұясына және қоқыс үйіндісіне айналған болатын. 

Сол жылдың 22 наурызында «Redline-pro» ЖШС-мен 112 млн теңгеге қайта жарақтау бойынша ЖСҚ әзірлеуге келісімшарт жасалды. Алғашында ерікті асфальттап, түбіне жазғы су құбырын жүргізіп, дренаж және кәріз коммуникацияларын төсеу ұсынылды. Беткі қабатына велосипед және жаяу жүргіншілер жолдарын салып, көше шамдарын, орындықтар орнатуды және т.б. жоспарлады. 

Жерасты сулары деңгейінің төмендеуі және кәріз коммуникациялары ұзындығының артуы жобаның басты артықшылығы деп айтылды. Бұл жеке сектордағы үйлердің 70-80 пайызын орталық кәріз жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін еді.

Қала әкімшілігінің «АЖ»-ға хабарлауынша, ЖСҚ 2023 жылдың қазан айында дайын болуы керек, бірақ жұмыс әлі аяқталмаған.

«Тапсырыс беруші шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмағанын ескере отырып, шартты бұзу және жобалау ұйымын жосықсыз қызмет көрсетуші деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінді. Алайда сот талап арызды қанағаттандырмады», — делінген редакция сауалына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек МАХУОВТЫҢ жауабында.

Сондай-ақ хатта 16 шақырымдық учаскені жобалау кезінде жер бедері, геология және геодезиялық жұмыстарға байланысты туындаған қиындықтар кешігуге ықпал еткені түсіндіріледі.

Бүгінде жобаның негізгі бөлімдерін әзірлеу аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жабдықтардың қуатына есептеулер жүргізілді. ЖСҚ-ны осы жылдың наурыз айында сараптамаға жіберу жоспарланып отыр. 

Әкімдік жобалаушыларға ақысын төлемеген.

 Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.